БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМ ЕСЕПТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Арнайы жобалар 18:00, 10.10.2026 11

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Имамбетова Сауле Абуевна

бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор

Алматы облысы, Талғар ауданы

№40 жалпы білім беретін орта мектеп КММ

Төменгі сыныптан бастап балаларды өздерінің қабілеті бар салаға бағыттау, сол салаға деген қызығушылығы мен ізденісін қалыптастыру өзекті мәселе. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.

Ұсынылған бағдарлама жалпы білім беретін оқу орындарына арналған оқу жоспарын ескере отырып әзірленген және бағдарламаның көптеген мазмұндық бағыттары бойынша IV сынып математика курсының мазмұнын жан-жақты қарастыруға бағытталған. Факультативтік сабақтарды өткізу кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, математикадан оқу жоспарын ескере отырып, көп деңгейлі тапсырмаларды қолдану көзделеді. Сабақта көрнекі материалды орынды пайдалану, жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін, техникалық оқу құралдарын пайдаланған жөн.

Мектепте математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбекте қажетті, сабақтас пәндерді оқуға және оқуды жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен дағдылар 119 жүйесін берік және саналы меңгеруді қамтамасыз ету. «Бастауыш сыныптағы оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын қалыптастыру» сыныпта математиканы оқыту негізгі міндетті шешумен қатар оқушылардың пәнге тұрақты қызығушылығын қалыптастыруды, олардың математикалық қабілеттерін анықтауды және дамытуды көздейді.

Мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету. Көрнекі – бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде математиканы игеруге практикалық негіз жасау.

Математикалық ертегілер – баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Тәрбиелік жағынан алсақ ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтан алыс жүруге бейімдейді. Математикалық жаңылтпаштар – оқушыларды шапшаңдыққа, жаңылмай айтуға, ептілікке тәрбиелейді. Математика пәніне деген қызығушылығын арттырады. Логикалық есептер – логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамытып, дарынды балаларды таныта біледі.

Математикалық мақалдар – оқушылардың тілін ширатып, ойын түйіндейді, ой-өрісін дамытады. Математикалық жұмбақтар – жас жеткіншектердің тапқырлығы мен дүниетанымын дамытып, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді. Шығармашылық тапсырма - орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның, не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой - пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді. Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар – оқушылар ребустар және сөзжұмбақтар құрастыру арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға машықтанады.

Бағдарламаның басты мақсаты:

Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламасының міндеттері:

- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.

- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.

- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.

- Шығармашылық ізденіске жетелеу.

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.

- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.

- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.

Күтілетін нәтиже:

- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді

- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады

- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді

- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады

- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады

- Проблемалық жағдаятты шеше алады

- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды

Бағдарламаның пәнаралық байланыстары

Математиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Математиканы оқыту процесінде белгілі бір пәнаралық байланыстар іске асырылады.

Математика мен қазақ тілінің арасындағы байланыстар:

- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

- құрастыру барысында үлгілеудің (модельдеудің) пайдаланылуы;

- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбаның көмегімен өрнектелуі;

- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

- математикалық тілдің қалыптастырылуы.

Математика мен әдебиеттің арасындағы байланыстар:

- көркем шығармаларды сұрыптау және ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау және ажырату, теңеулердің қолданылуы;

- халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, қаламақ, мақал

- мәтелдер, ойын өлеңдердің және т. б. математика сабақтарында пайданылуы;

- көркем шығармалардың мазмұны арқылы баланың ішкі сезіміне түрткі салу;

- көркем шығармаларда сипатталатын ата - дәстүр, ұлттық салт

- сана, әдет

- ғұрып, үлгі

- өнеге, тәлім

- тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру.

Математика мен дүниетанудың арасындағы байланыстар:

- дүниедегі құбылыстарға дәл де әділ баға бере білу;

- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен баланы қарым

- қатынасқа келтіру;

- айналадағы дүниеде танып білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабақтарында пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру;

- геометриялық фигуралардан адам, жануар бейнелерін сала білу;

- көркем сурет шығармалары арқылы баланың ішкі сезімін және көңіл

- күйін ояту, дамыту.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар – табылатын қасыңнан.

Бағдарламаны меңгеру деңгейінің талаптары

1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Балалардың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді.

2. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады.

3. Оқушыларды ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді. Бағдарламадағы әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын дамытады.

Бұл бағдарлама бастауыш сыныптар мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру мен басқаруда арқау болатын негізгі идеяларды жүзеге асыруына көмегін тигізеді, сонымен қатар оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ой салады. Оқушылардың математикалық мазмұнын тиянақты, терең меңгеруіне зор ықпалын тигізеді деп сенемін.

Мұғалімге кеңес

Сабақтың әр кезеңінде 3–5 минуттық "жылдам есеп" бөлігін енгізу. Баланың қателесуіне мүмкіндік беру, бірақ қателікті талдап, дұрыс жолды көрсету.

Жылдам есептеуді тек математика сабағында емес, басқа пәндерде де қолдану (мысалы, дене шынықтыруда санау, музыкада ырғақпен қосу).

Оқушылардың жетістігін ойын түрінде марапаттау (жұлдызша, ұпай, мадақтау).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. В.П. Слепнёва, Математика ( бастауыш сынып оқушыларына арнайы қысқаша анықтамалык 1- 4 сыныптар) - Көкшетау каласы, « Келешек 2030 »

2. Л.Л. Глазырина, Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары жинағы ( 2,3,4 сыныптар) - Көкшетау каласы, « Келешек-2030 » 2008

3. Ерешева Күләнда, Ыдырысова Шолпан,Әденова Гүлбаршын, Логика әлемі – 2 – сынып, Алматы « Өлке» баспасы, 2014 122 2014

4. Н.Ә.Жаманғараева, Ф.А.Асылбекова, Математикадан 105 сабақ

5. Ж.Дәуренбеков, Қызықты сабақтар 2014 Ш.

6. Күмісбайұлы, Жұмбақ әңгімелер 2001

7. Бейсеков Ж., Қамбарова Ж.,Исаева А. Математикадан бақылау жұмыстары (1-4 сыныптар)– Шымкент, 2008

8. Саматова Р.Е.Дидактикалық ойындар. – Астана, 2011

9. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ.Өміртаева. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар. – Алматы, 1997

10. Үсенова Г.Ж. Логикалық есептер. – Шымкент, 2001

11. Бөкенбаева З.Қ. Логикалық есептер. – Астана, 2005

12. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2, 3, 4 сыныптар ) Құрастырған Л.Л.Глазырина / аударған Ж.Б.Сейтмағанбетова – Көкшетау: «Келешек -2030», 2010 – 108б.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •