МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Арнайы жобалар 14:30, 10.10.2026 15

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Сегизбаева Гаухар Арипбаевна

бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор

Алматы облысы, Талғар ауданы

№40 жалпы білім беретін орта мектеп КММ

«Бар ғылымның бастауы – мектеп, сондықтан біздіңбасты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту»

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген.

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.

Нақты міндеттер

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді.

Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелердіжаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһндану заманының ағымына сай болу– оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың сыртқы ортамен, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, өз білімін үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда, жеке тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін біліктілік, икемділік пен дағдылар, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті

Функционалдық сауаттылықтың міндеті мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып жәнебаланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршағанортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқыпүйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.

Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс-әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға. Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш сыныптарда жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға деген талпыныс, ізденушілік, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дамиды. Осы жасқа сай келетін мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралап, талдау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту оңай мәселе емес.

Математика деген не?

Неліктен математиканы оқу керек?

Математика-оқушылардың математикалық пайымдау,шынайы әлемнің түрлі контекстінде есептерді шешу үшін математиканы тұжырымдау,қолдану және түсіну қабілеті ретінде анықталады.

Математикадағы математикалық процестер

-Пайымдау, қатынас және байланыстыру

-Пайдалану және модельдеу

-Ойлау дағдылары мен эвристика Құзыреттіліктер:

-Абстракциялау және пайымдау

-Таныстыру және байланыстыру,

-Пайдалану және модельдеу

Математикалық процестер: Қалай?

Бастауыш деңгейде оқушылар бұл процесс дағдыларын есептерді шешу арқылы дамытады. Олар өз жұмысын логикалық түрде құрастыруды; өз ойларын жазбаша және ауызша түрде анық жеткізуді; заңдылықтарды, ұқсастықтарды және айырмашылықтарды байқау арқылы индуктивті түрде пайымдауды үйренеді. Олар математикалық идеялар арасында және математика мен күнделікті өмір арасында байланыстар жасайды.Нақты әлем контекстіндегі есептерді шешу арқылы оқушылар күнделікті жағдайларда математиканың өзектілігін көреді. Олар есептерді шешудің әдістері мен стратегияларын тұжырымдайды және нақты әлемдегі контекстке сәйкес жауаптарының негізділігін тексеру әдетін қалыптастырады. Ең бастысы, олар өмір бойы білім алу үшін маңызды болып табылатын пайымдау және есептерді шығару дағдыларын дамытады.

Процесс дағдылары арнайы оқытылуы керек, бірақ түсініктер мен дағдыларды оқытумен қатар жүруі керек. Оқушылар эвристикамен танысып, сабақта Поля моделі сияқты есеп шешу тәсілдерін қолдануы керек. Мұғалімдер бұл процестерге назар аударып, оларды оқушыларға көрсету үшін «айтып» жеткізеалады. Тәжірибе арқылы оқушылар жақсырақ және тәуелсіз оқушы болуға көмектесетін әдеттер мен стратегияларды дамытады.

Математикалық пайымдау

-Үлгілерді, ұқсастықтарды және айырмашылықтарды байқау

-Логикалық қорытынды жасау, шешімге келу

Шешімдерді түсіндіру немесе негіздеу, шешімдерді математикалық формада жазу арқылы арқылы индуктивті және дедуктивті түрде пайымдау

Мұғалімнің математикалық пайымдауды дамытатын сөздері

1-жолы: Өзгертіп қайталау

“Яғни сенің айтуынша, бұл тақ сан ба?” 2-жолы: Қайталау

“Оның айтқанын өз сөзіңмен қайталай аласың ба?” 3-жолы: Пайымдау

“Келісесің бе, жоқ па? Неге?” 4-жолы: Қосу

“Мынаған тағы қосатындарың бар ма?”

5-жолы: Күту уақыты “Асықпа, біз күте тұрамыз” Тұжырымдау

Математиканы пайдалану мүмкіндіктерін тану және анықтау, содан кейін қандай да бір контекстік нысанда ұсынылған мәселені математикалық формада беру

Мәселені түсіну

Мәселені жеңілдету үшін болжамдар жасау Мәселені математикалық формаға келтіру

Қолдану

Пайымдау және мәселені шешу үшін математикалық түсініктерді, фактілерді, процедуралар мен құралдарды қолдану

Оған:

-Есептеулер, алгебралық өрнектер мен теңдеулерді немесе басқа математикалық модельдерді өңдеу

-Диаграммалар мен графиктер бойынша ақпаратты математикалық жолмен талдау

-Математикалық сипаттамалар мен түсіндірмелерді жасау кіреді.

Түсіндіру

Математикалық шешімдерді, нәтижелерді немесе қорытындыларды көрсету және оларды шынайы мәселе контекстінде түсіндіру

Оған

-Мәселе контекстінде түсініктемелер мен дәлелдерді құру және жеткізу

-Болжам жасау үшін математикалық ойлауды немесе есептік ойлауды пайдалану, ұсынылған шешімдерге дәлел келтіру кіреді.

Түйіндеме

Математикадағы есептердің 1-ден көп шешімі бар. (Шешім мен жауап) Мәселені шешудің 1-ден астам жолы бар. Бірнеше кіру нүктелері бар.

Біз достарымыздан естіп, талқылағанда мәселені шешудің көбірек жолдарын табамыз. (Әлеуметтік конструктивизм).

Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.

4. Семинар 28.10.2024 Алматы қаласы И.Қ.Мандоки атындағы ЖББ мектеп Құспанғали.А

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •