Таразда 2000 балаға арналған «Жайлы мектеп» ашылды
Ұлтық жоба аясында бой көтерген №69 білім ұясы басқа типтік мектептерден әлдеқайда көлемді.
Жаңа нысан заман талабына сай барлық қажеттіліктермен қамтылған. 2000 орынға арналған ағарту ошағы Ұлы дала шағынауданында пайдалануға берілді. Бұл «Жайлы мектеп» жобасы аясында аймақта ашылған төртінші мектеп. Салтанатты шараға облыс әкімі қатысып, ата-ана мен оқушыларлы құттықтады. Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі: - Сіздердің алаңсыз білім мен тәрбие алуларыңыз үшін жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Сіздер соған лайықты болып өседі деген сеніміміз мол. Еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аға-әпкелеріміздің ізін жалғастырып, болашақта мықты маман болыңыздар. Оқушылар үшін озық технологиялармен жабдықталған 90-нан аса кабинет бар. Балалар шығармашылығын дамытатын үйірмелер ашылып, 450 адамға арналған ауқымды мәжіліс залы мен асхана салынған. Мектепте 4 спорт залы бар. STEM-лабораториялары мен робототехника сыныптары соңғы үлгіде жабдықталған. Гүлнәр Раптаева, мектеп директоры: - Мектепте 92 оқу бөлмелері бар. Одан бөлек те мұғалімдерге арналған 12 бөлме. Және бір ерекшелігі, әр қабатта коворкинг бөлмелері орналасқан. Майра Ақылова, тұрғын: - Бала-шағаларымыз қуанып, өте керемет болды. Айтып жеткізе алмаймын. Біздің өзіміздің мектебімізге 16 жыл болды ғой ескі мектеп болған соң жаңа мектеп өзімізге ұнайды. Ата-аналар келіп жатыр. Рақметін айтып жатыр. Биыл Тараздағы Шөлдала елді мекенінде бір, Қордай ауданында екі жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қоса, 26 білім нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Ал 2026 жылы қосымша 6 білім ошағының құрылысы басталмақ.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/702751-tarazda-2000-balaga-arnalgan-zajly-mektep-asyldy
Тағы да оқыңыздар

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазақ халық әнін орындады
