Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу: теориядан практикаға

Редакция таңдауы 16:22, 03.04.2025 2

Мақалада жасөспірімдер арасындағы ойынға тәуелділік мәселесі және оның білім беру ортасында алдын алу қажеттілігі қарастырылады. Ойынға тәуелділікке төзімділікті қалыптастыруға, өзін-өзі бақылау мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған қосымша модульмен 34 сағатқа арналған лудоманияның алдын алудың әзірленген бағдарламасы ұсынылған. 9-сынып оқушылары арасында бағдарламаны іске асырудың теориялық негіздері, әдістемелері келтіріледі. Педагогикалық және психологиялық тәсілдерге негізделген лудоманияны алдын алу шаралардың тиімділігі талданады. Мұғалімдер мен педагог-психологтарға мектеп ортасына осындай бағдарламаларды енгізу бойынша ұсыныстар ұсынылған.

Кілтті сөздер: лудомания, ойынға тәуелділік, алдын алу, жасөспірімдер, мектептегі білім, психологиялық-педагогикалық әдістер.

Лудомания мәселесі жасөспірімдер үшін, әсіресе цифрлық технологияның қарқынды таралуы жағдайында үлкен қауіптердің біріне айналуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жасөспірімдер өзін-өзі бақылау механизмдерінің жеткіліксіз қалыптасуына және құрдастарының жоғары әсеріне байланысты құмар ойындар мен онлайн ойындарға әсіресе осал болып келеді [1]. Қазақстандағы зерттеулер сондай-ақ ойын белсенділігіне тартылған жасөспірімдер санының өсуін растайды, бұл алдын алуға кешенді көзқарасты талап етеді.

Осы туындаған өзекті мәселені шешу мақсатында «Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарлама» тақырыбында авторлық бағдарламаны әзірленді. Бұл авторлық бағдарламаның өзектілігі (маңыздылығы және оның қажеттілігі) келесі сын-қатерлермен байланысты:

1. Жасөспірімдердің құмар ойындарға қол жетімділіктің артуы. Заманауи цифрлық технологиялар мен интернет-платформалар жасөспірімдерді құмар ойындарға тарту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Ресми дереккөздердің мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту жағдайларының көбею үрдісі байқалады, бұл уақтылы араласуды талап етеді. Жасөспірімдер үшін онлайн ойындар деструкивті ойлаудың және ойынға тәуелділіктің алғашқы қадамы болып табылады. «Молодежь» ғылыми зерттеу орталығының зерттеу нәтижелері 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 50,1% көп уақытын осы онлайн ойындарда өткізетінің көрсетті, соның ішінде 17,8% лудоманияға шалдыққан [2]

2. Теріс салдары. Құмар ойындарға қатысу жасөспірімдердің қаржылық, эмоционалдық және әлеуметтік жағдайына теріс әсер етеді, бұл оқу үлгерімінің нашарлауына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және қауіпті мінез-құлық үлгілерінің дамуына әкеледі.

3. Кешенді тәсілдің қажеттілігі. Лудомания проблемасы көп қырлы сипатқа ие, сондықтан оны шешу үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (оқушылар, мұғалімдер, психологтар, ата-аналар) интеграцияланған жұмысы қажет.

4. Қазіргі сын-тегеуріндерге сәйкестік. Жаһандану және цифрландыру жағдайында алдын алу бағдарламалары психология мен педагогиканың соңғы жетістіктерін ескеріп, әдістемелердің қазіргі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуі керек.

Авторлық бағдарлама бірнеше өзара байланысты бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы жасөспірім оқушыларда нақты міндеттерді іске асыруға және белгілі бір құзыреттерді дамытуға бағытталған [3]. Бағдарламаның негізгі бөлімдеріне мыналар кіреді:

І-бөлім. Кіріспе. Бұл бөлім жасөпірім оқушылар арасында сенімді сенімді атмосфераны құруды мақсат етеді және лудомания мәселесімен таныстыру, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу. Кіріспеде психологтың оқушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі ережелері бекітіледі, бағдарламаның тұжырымдамасы мен анықтамаларымен таныстырылады.

Ұсынылған авторлық бағдарламаның ерекшелігібірнеше топтардың бірлескен жұмысын қарастырады:

- оқушылар: негізгі мақсатты аудитория, оқушылар үшін сыни тұрғыдан ойлауды, эмоционалды өзін-өзі реттеуді, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға бағдарланған теориялық және тәжірибелік сабақтар әзірленді.

- педагог-психолог пен педагогтар: тәуекел жағдайларды уақытылы анықтауға көмек береді, білім беру үдерісіне алған білімдерді кіріктіруге және оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталады.

- ата-аналар: тәуелділікті алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған тренингтер арқылы отбасылық қолайлы ортаны құру жасөспірімдерге қолдау көрсету және жалпы құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Барлық топтар тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл лудоманияның алдын алуға кешенді тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама Маңғыстау облысы Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 Гимназиясында» КММ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Ақсай қаласының №2 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушылары арасында апробациядан өткізілді. Осы бағдарлама бойынша педагог-психологтардың жұмысынан кейін, оқушылардан сауалнама алынып, келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- онлайн ойындарға қатысу деңгейінің төмендеуі (бастапқы деректермен салыстырғанда 30%);

- оқушылардың ойынға тәуелділік қаупі туралы хабардарлығының артуы (45%-ға);

- өзін-өзі бақылау деңгейі және ойындарға саналы көзқарас артты.

Педагогтар мен психологтардың пікірінше, бағдарлама ойынға тәуелділік қаупін азайтуға ғана емес, сонымен қатар эмоционалды реттеу мен жауапты мінез-құлықтың жалпы дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Алынған нәтижелер мектеп бағдарламасына осындай алдын алу бағдарламаларын енгізу қажеттілігін көрсетеді.

Жасөспірім оқушылар арасындағы ойынға тәуелділіктің алдын алу психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік шараларды қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. Ұсынылған бағдарлама мектеп жағдайында тиімді екендігі дәлелденді және оны кеңінен қолдану үшін ұсынуға болады. Болашақ зерттеулер әртүрлі жас топтарына арналған әдістемелерді бейімдеуге және цифрлық құралдарды алдын алу шараларына біріктіруге бағытталуы керек.

Әдебиеттер тізімі:

1. Игровое расстройство. https://www.who.int/ru/news-room/questions-and-answers/item/gaming-disorder

2. Гемблинг в Казахстане: менее чем за месяц численность осознанных лудоманов превысила 10 тысяч человек. https://ranking.kz/reviews/socium/gembling-v-kazahstane-menee-chem-za-mesyats-chislennost-osoznannyh-ludomanov-prevysila-10-tysyach-chelovek.html

3. Алдабергенова К.У., Орынбаева Х.А. Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарлама (авторлық бағдарлама) – Бейнеу ауданы, 2025 ж. - 117 б.




Алдабергенова Камшат Убайдуллаевна

Бейнеу лицейінің педагог-психологы, педагог-зерттеуші

Орынбаева Ханым Асанқызы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, педагог-сарапшы

Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу: теориядан практикаға

Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Мамыр 2025
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •