ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТРЕНДТЕР: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, NO-CODE ЖӘНЕ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Жамбыл ауданы
Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі
Аннотация
Мақалада информатика сабағында заманауи білім беру трендтерін қолдану тәжірибесі баяндалады. Автордың тәжірибесіндегі жасанды интеллект құралдарын (ChatGPT, Teachable Machine, Canva AI) сабаққа енгізу, No-Code платформалар арқылы кодсыз қосымша жасау және PBL – жобалық оқыту әдісі арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығы мен логикалық ойлауын дамытудың үздік тәжірибелері ұсынылған.
Кіріспе
Бүгінгі информатика – компьютерді қосуды үйрететін пән емес. Бүгінгі информатика – болашақ мамандықтың негізі. Оқушы Word, Excel-ден гөрі TikTok, ChatGPT, ойын жасауға қызығады.Сондықтан менің сабағымның ұраны: «Дайын тұтынушы емес, жасаушы бол». Осы мақсатта соңғы 2 жылда сабағымды толық жаңа трендтерге көшірдім.
Негізгі бөлім
1. Тренд №1. Жасанды интеллект – сабақтың тақырыбы да, құралы да.
AI-ды тек айтып қоймай, қолдандырамын.
а) 5-7 сыныптарда: Google Teachable Machine арқылы өз жасанды интеллектін жасау. Мысалы, «Мысық пен итті ажырататын AI» жобасы. Оқушылар 20 сурет жүктеп, өздері модель жаттықтырады. Код жазбайды, бірақ AI қалай жұмыс істейтінін түсінеді. Бұл – Machine Learning-ке алғашқы қадам.
ә) 8-11 сыныптарда:ChatGPT-ны дұрыс қолдануға үйрету. Мен тыйым салмаймын, керісінше, «Prompt Engineering» үйретемін. Тапсырма: «Python-да калькулятор кодын ChatGPT арқылы жаздыр, бірақ қатесін өзің тап және түзет». Оқушы дайын жауапты көшірудің орнына, талдауды үйренеді.
2. Тренд №2. No-Code және Low-Code – кодсыз бағдарламалау.
Барлық оқушы программист болмайды, бірақ бәрі өз идеясын жүзеге асыра алады.
- Scratch + AI:Scratch-та кейіпкерді сөйлету, оған ChatGPT-дан жауап жаздыру.
- Glide, Tilda, Figma: 9-сыныпта оқушылар өз ауылы, мектебі туралы No-Code сайт жасайды. 1 сабақта дайын сайт.
- Canva AI, CapCut: Презентацияны AI арқылы жасау, видеомонтаж.
Бұл – оқушының «Мен жасай аламын» деген мотивациясын оятады.
3. Тренд №3. PBL және Киберқауіпсіздік – өмірмен байланысты жоба.
Теория емес, нақты проблеманы шешу.
Менің үздік жобаларым:
- «Мектебіміздің фишингтен қорғану нұсқаулығы» – 7-сынып оқушылары фейк сайтты қалай ажырату керек екенін плакат етіп жасайды.
- «Ата-анама арналған цифрлық қауіпсіздік» – 8-сынып оқушылары ата-аналарына арнап қазақ тілінде жадынама жасайды.
- «Тараздың цифрлық картасы» – 10-сыныпта Google My Maps арқылы қаладағы тегін Wi-Fi нүктелері, eGov қызметтері бар карта жасау.
Оқушы баға үшін емес, өмір үшін оқитынын түсінеді.
Нәтиже:
Осы трендтерді енгізгеннен кейін:
- Информатикаға қызығушылық 75%-дан 98%-ға өсті
- Оқушыларым аудандық, облыстық "RoboTech", "Ustem" байқауларында жүлделі орын алды
- 2 оқушым өз No-Code сайты арқылы шағын бизнес бастады (инста-дүкен)
Қорытынды
Жаңа трендтегі информатика мұғалімі – тек код үйрететін емес, болашаққа бағыт беретін тұлға. Жасанды интеллект, No-Code, жобалық оқыту – бұл сән емес, бұл – бүгінгі нарықтың талабы. Біз оқушыға дайын білім бермей, «үйренуді үйретуіміз» керек. Сонда ғана информатика – ең сүйікті пәнге айналады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. – Астана, 2023.
2. Holmes W., Bialik M., Fadel C. Artificial Intelligence in Education. – Boston: Center for Curriculum Redesign, 2019. – 210 p.
3. PBL Works. Project Based Learning: A Guide for Teachers. – 2022.





















