ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ АДАЛ АЗАМАТ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Нургожаев Манат Алдибекович
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей, география пәнінің мұғалімі
педагог-сарапшы
Кіріспе
Қазіргі жаһандану жағдайында өскелең ұрпақтың ұлттық болмысы мен рухани – адамгершілік қасиеттерін сақтап, оны заман талаптарына сай тәрбиелеу – мен үшін тәрбие жұмысының ең басты әрі жауапты бағыттарының бірі болып табылады. Білім беру ұйымындағы көпжылдық тәжірибемде жасөспірімдердің мінез – құлқына, дүниетанымына ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, әлеуметтік желілердің ықпалы және қоғамдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруі тікелей әсер етіп отырғанын анық байқаймын.
Осындай күрделі кезеңде жас ұрпақты сыртқы ықпалға еріксіз бейімделуші емес, өз ұстанымы бар, ұлттық тамырынан ажырамаған, саналы әрі жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптастыру – тәрбие жүйесінің негізгі міндеті деп санаймын. Өз тәжірибемде көз жеткізгенімдей, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие ғана тұлғаның ішкі рухани тірегін қалыптастырып, оны өмірде дұрыс шешім қабылдай алатын, адал азамат ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық құндылықтар – халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасы, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, тілі мен ділі, ар – ұяты мен намысы. Бұл құндылықтар жас ұрпақтың мінез – құлқын, өмірлік бағытын, қоғамдағы орнын айқындап қана қоймай, оның ішкі жауапкершілігін қалыптастырады. Ал «адал азамат» ұғымы менің түсінігімде – өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, заң мен тәртіпті сақтайтын, еңбекке адал, отбасына және қоғамға жауапкершілікпен қарайтын, өзгеге құрмет көрсете
алатын кемел тұлға.
Сондықтан ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы адал азамат тұлғасын қалыптастыруды мен тәрбие жұмысының стратегиялық бағыты ретінде қарастырамын. Бұл бағыттағы жұмыстар тек бір реттік іс – шаралармен шектелмей, жүйелі, мақсатты және үздіксіз жүргізілуі тиіс. Осы ретте мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен әрекеті шешуші рөл атқарады. Өзара тығыз ынтымақтастық орнаған жағдайда ғана ұлттық тәрбие мазмұны тереңдеп, оның тәрбиелік әсері нақты нәтижеге бағытталады.
Негізгі бөлім
1. Ұлттық құндылықтар – тұлға тәрбиесінің рухани негізі
Ұлттық құндылықтар ұғымына адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ар-намыс, адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік, жауапкершілік сияқты қасиеттер жатады. Бұл қасиеттер қазақ халқының мақал-мәтелдерінде, ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде кеңінен көрініс тапқан.
Ұлттық тәрбие адамның тек сыртқы мінез-құлқын ғана емес, ішкі жан дүниесін қалыптастырады. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, қателіктің алдын алуға, дұрыс шешім қабылдауға ұмтылады. Мұндай тұлға үшін адалдық – уақытша талап емес, өмірлік ұстанымға айналады.
2. «Адал азамат» тұлғасының сипаттамасы
Адал азамат – қоғамның сеніміне ие, өз ісіне жауапты, заң талаптарын сақтайтын, рухани тұрғыдан кемелденген тұлға.
Ол:
- ұлттық құндылықтарды құрметтейді;
- өз мінез – құлқын реттей біледі;
- қоғамдағы тәртіп пен әділдікті сақтауға үлес қосады;
- отбасына, айналасындағы адамдарға қамқорлықпен қарайды;
- еңбек пен білімді өмірінің басты құндылығы деп санайды.
Адал азаматты қалыптастыру – тек білім берумен шектелмейді. Ол жүйелі тәрбие жұмысын, үлгі көрсетуді, өмірмен байланысты нақты әрекеттерді талап етеді.
3. Ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тәрбие процесіндегі маңызы Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие оқушылардың құқықтық
мәдениетін, әлеуметтік жауапкершілігін, азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Бұл тәрбие бағыты:
- құқықбұзушылықтың алдын алуға;
- агрессия мен зорлық – зомбылыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға;
- зиянды әдеттерден алшақ болуға;
- өзіне және өзгеге құрметпен қарауға ықпал етеді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу барысында оқушылар өз халқының тарихын, дәстүрін танып қана қоймай, оны күнделікті өмірінде қолдануды үйренеді. Бұл адал азамат қалыптастырудың тиімді жолы болып табылады.
4. Мектеп пен отбасының бірлескен рөлі
Адал азамат тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы аса маңызды. Отбасында берілген ұлттық тәрбие мектептегі тәрбие жұмысымен ұштасқанда ғана нақты нәтиже береді. Мектеп ұлттық құндылықтарды жүйелі түрде насихаттап, оқушыны қоғамдық өмірге бейімдесе, отбасы сол құндылықтарды күнделікті тұрмыста бекітеді.
Сынып сағаттары, пікір алмасулар, тәрбиелік кездесулер, ұлттық бағыттағы іс – шаралар оқушылардың санасына оң әсер етеді. Мұндай жұмыстар барысында оқушылар өз ойын ашық білдіруге, жауапкершілік алуға, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.
4. Ұлттық тәрбие – құқықтық және азаматтық мәдениеттің негізі Ұлттық құндылықтар мен құқықтық тәрбие бір – бірімен тығыз
байланысты. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің құқығын сыйлау – ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ұлттық санасы қалыптасқан оқушы құқықбұзушылықты жат әрекет ретінде қабылдайды.
Осы бағыттағы тәрбие жұмыстары оқушылардың ішкі бақылауын күшейтіп, өзін – өзі реттеу қабілетін дамытады. Бұл адал азамат тұлғасын қалыптастырудың маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы адал азамат тұлғасын қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің басты әрі өзекті басымдықтарының бірі екеніне менің кәсіби тәжірибемде көзім толық жетті. Ұлттық тәрбие жас ұрпақтың рухани тұтастығын сақтап қана қоймай, оны саналы, жауапты, өз ісіне есеп бере алатын, қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптастыруға нақты мүмкіндік береді. Ұлттық болмысы берік қалыптасқан оқушы өмірлік таңдауларында адаспай, өз жолын таба алатын тұлғаға айналады.
Мен үшін адал азамат – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өз елінің өткені мен бүгініне құрметпен қарайтын, болашағына бейжай қарамайтын тұлға. Мұндай азамат тек талап қою арқылы емес, жүйелі тәрбие, нақты үлгі және өмірмен тығыз байланысты жұмыстар арқылы қалыптасады. Осы бағытта жүргізілген әрбір тәрбиелік іс – шара, әрбір сынып сағаты мен ата – анамен бірлескен жұмыс оқушы санасында жауапкершілік пен адалдық ұғымдарын бекіте түседі деп есептеймін.
Өз тәжірибемде байқағанымдай, тәрбие жұмысы үздіксіз, жоспарлы және мақсатты түрде жүргізілген жағдайда ғана нәтижелі болады. Бұл үдерісте мектептің, отбасының және қоғамның бірлескен әрекеті шешуші рөл атқарады. Аталған тараптар арасында өзара сенім мен түсіністік орнағанда ғана ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесі толыққанды жүзеге асады. Сондықтан мен алдағы уақытта да ұлттық тәрбиеге сүйене отырып, адал азамат тұлғасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды басты міндетім деп санаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республикасында тәрбие берудің тұжырымдамалық
негіздері.
3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы.
4. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары туралы жинақтар.
5. Ұлттық тәрбиеге арналған әдістемелік құралдар.
Тағы да оқыңыздар




















