ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Арнайы жобалар 16:00, 10.10.2026 7

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Сариева Ляззат Абдыкадыровна

Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

«№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицей» МКМ

Аннотация

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, және шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашады. Сондықтан оқушыларға тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану ұсынылады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден – бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді. Біздің міндетіміз-оқушыға оны бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашу. Заманауи әдіс-тәсілдер сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді

Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады.

Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді. «Жаңа оқыту технологиялары» пәнінің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады Көрнекі педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. [1]

Тарих пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі Өзімнің сабақтарымда оқытудың заманауи әдістеін әр түлі қолдануға тырысамын. 1)Мысалы:«XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар»тақырыбында сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде венн диаграммасын қолданамын.

1- тапсырма: Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі мен Кеңесары Қасымұлы бастағанұлт-азаттық көтерілістерінің ортақ сипаттары мен айырмашылық-тары.

2) Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың II ж Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде: «Джигсо» әдісін қолданамын. Интербелсенді әдістің бірі топтарды кездейсоқ бес топшаларға бөлемін. Таратпа қағаздарға өзі таңдаған санды жазып топтасады. Топ бес топшаға бөлінді. 1-топ «Реформа», 2- топ «Генерал-губернатор», 3- топ «Сот», 4-топ «Уезд», 5-топ «Округ». Жаңа тақырыптың осы жоспар бойынша тақырыпты өздері игеріп, постерге қорғайды.

«ДЖИГСО» әдісі:Жаңа сабақ«Джигсо»әдісі бойынша тақырыпты талдап,бірігіп жұмысжасауына жол ашу. Тапсырмаларды оқытушы топтарға барып, бақылайды, бағыт береді.

1-топ: Ақпараттық жаналықтар бағдарламасы бойынша әкімшілік реформалар туралы ақпарат береді. (24кz жаңалықтар бағдарламасы) «Тв шоу» әдісі арқылы қорғайды;

2-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша проблеманың себептерін анықтау, дәлелдер келтіру, нәтижесін шығарады.

3-топ: 1822/24 жылғы жарғылар мен 1867 -1868 ж реформаларды салыстыру.«SWOT» кестесі арқылы қорғайды;

4 топ: Халық шаруашылығында қалыптасқан жағдай, реформалардың отаршылдық мәні туралы әңгімелесу;

5-топ: Реформаның нәтижесі, салдары.

«Джигсо» әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды топта талқылайды. Талқылап болған соң, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдайды, сұрақтар қояды, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ берілген тапсырмаларын флипчартқа түсіреді, білімдерін жинақтап, ортақ шешімге келеді.

3) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы саяси партиялар. Қазақ өлкесіндегі ұлттық автономиялар.Сабақта жаңа білімді игеру үшін«Өкіл» әдісін қолданамын. Топты төрт топшаға бөліп, «Алаш» партиясы, «Үш жүз» партиясы, «Түркістан автномиясы», «Кадеттер партиясы» деген тақырыптарды үлестірме карточкалар арқылы таратамын. Топтар бір-біріне берілген жаңа материалдарды түсіндіру арқылы жаңа мәлімет береді. Топтар талқылап болғаннан кейін, топта белсенді түсіндіргендер келесі топқа «елші» ретінде барып, жаңа мәлімет тыңдауға және өз мәліметімен бөлісуге барады.

Қорыта айтқанда, жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж

2. Әлімов Асхат Қамзаұлы. – Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-А 2015-180б

3. Қазақстан тарихы:әдістемелік журнал. №6, 2009ж., 25 б

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •