Музыка сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Байқон Қадыр Қыпшақбайұлы
Музыка пәнінің мұғалімі
Педагог- сарапшы
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы
«№12 ЖББМ» КММ
«Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»
М. Әуезов
Абай атамыздың «Әннің де естісі бар, есері бар» дегендей, музыка – адамның жан серігі, қуанғанда бой сергітіп жігер қосар жайсаң жанр. Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. Музыкаға деген сүйіспеншілік, баланың музыкаға жетік болу қабілеттері туа бітпейді, ол өсу, даму процесінде қалыптасады. Музыка адамды шаттыққа бөлеп мұң зарын сейілткен. Музыканың әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқымен салт-дәстүрінде өзгерте алады. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық тарих танушы, музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: «Дүниеге келген адам өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілеп туады. Ал қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, адам бойындағы сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер». Жас балғындар алғашқы сабақтан бастап ұлттық өнердің сан-сапалы түрлерімен танысады. Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен баланың қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде, музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі компазиторлармен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп отыру.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» - деп Абай атамыз жырлағандай шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ музыка әсер етеді. Ең алғашқы анасының әлдиі, бесікке таянып айтқан ананың бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тәтті ұйқыға кетуіне әсер етеді.
Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» т. б. бәрі де әнсіз, өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Бала өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Міне, осындай сыртқы ортаның әсерінен бала бойында әдемілікке, әсемдікке деген сезім күй қалыптасып, эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.
Ана әлдиін бойына сіңіріп өскен сәби тәй-тәй қадам басқаннан - ақ балабақша есігін ашады. Сол балаға музыкалық эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы балабақшада жалғасады.
Балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген бала шығармашылық орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, мектеп жасына дейінгі балалардың кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында, білім мазмұнында баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, бағдарламалық мазмұннан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, экспримент жүргізу, мәтінмен, сызбамен, суретпен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей шығару т. б. сияқты баланы іскерлікке дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым - қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс - тәсілдер мен мазмұндық ойындар, ызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отыруы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жаңа әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Осы бағытарда сабақты түрлендіруде жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: Интерактивтік тақатмен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Музыка сабағында ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез
меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады.
Барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. Сондай ойындардың бірі – «Ойлан, тап! » жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін, құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрене алады. Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген құлшынысын, қызығушылығын ғана
арттырып қоймай, есте сақтау, ойлай білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды. , бүгінгі таңда дидактика саласындағы негізгі мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық
меңгермегенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігіболып табылады. Музыка сабағында дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат, аралас сабақ түрлері өткізіледі. Ойын әдісі арқылы дидактикалық ойындарға баланың танымдық ынта- ықыласын күшейтіп, оқудың қиын процесін жеңілдету көзделеді. Мысалы өз сабақтарымда пайдаланатын «Орамал тастамақ» ойынын үй тапсырмасын тексеру кезінде, «Даусынан таны» ойынын жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, «Әуендік үзіліс» -қайталау, «Ойлан тап» ойындарын сабақты бекіту кезеңдерінде қолданамын. Кім шапшаң? , Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т. б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.
Жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы
Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану
Осы технологияның шығармашылық бөлігін ала отырып ой толғаужасауға болады. (мыс: музыка сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек)
Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады
Ойын деген аты ғана, ал шынында ол сабақтың, еңбектің жиынтығы.
Баланы музыка тыңдауға да, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғышарты болып есептеледі. Музыкалық сабақтарда балалардың іс-әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын образдарын өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл – ой, дене тәрбилерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.
Қорыта айтқанда, жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып ерекше сезімге, қуанышқа бөленеді.
Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.




















