БІЛІМ CАПАСЫН АРТТЫРУДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Кожахметова Шарапат Жаксыбековна
Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-модератор
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
«№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицей» МКМ
Аннотация
Баяндамада оқытудағы құзыреттіліктің тәсілі, анықтамасы, жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту мен қалыптастырудағы нысандар туралы, құзыреттілік-тің идеялық маңызы жайында жазылған.
Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын, мемлекетіміздің болашағы. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Олай болса құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген.
Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.
Құзыреттілік тәсілі бұл білімді пайдалы болатын нақты жағдайда орналастырылатын етіп оқытуға негізделген білім беру моделі.Осылайша, алынған нәрсе пайдалы және қажет деп түсініледі, өйткені ол оқушыларға нақты жағдайларды жеңуге көмектесу үшін жасалған. Сондай ақ білікті оқушылар даярлаудың шарты.Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Оқушылар үшін үлкен өзектіліксіз таза деректерді есте сақтауға бағытталған дәстүрлі біліммен салыстырғанда, құзыреттілік білімі эксперимент пен тәжірибе арқылы білімді алуға бағытталған. Бұл әлдеқайда динамикалық тәсіл, мұнда білім алушылар тек ақпарат алушылар болып қалмайды.
Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде жаңа технологияларды оқыту әдістерін белгілі бір топтарға топтап, көрсетуге болады:
-жартылай іздендіре оқыту – оқушылар оқудың мақсат-міндеттерін шешуге зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді;
-проблемалық сипаттағы оқу-мақсаттары мен мәселелерді ұйымдастыру және шешу. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қызмет етеді; -іскерлік және білімдік ойындар;
-зерттеушілік әдістер – дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру барысында оқушы шығармашылық жұмысқа мейілінше үйренеді, толық меңгереді. Жаңа технологиялық әдістерді сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады:
- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, білім сапасы көтеріледі;
- Оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтылады;
- Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді. Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік алады.
- Оқушылар өз жұмыстарының қорытындысын шығарып өз дәрежесінде бағасын алады.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен. Мен «деңгейлеп оқыту» технологиясын тарих пәні сабағында қолданып жүрмін. Мұндағы мақсат- өз бетімен дами алатын, әртүрлі қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сонымен қатар, осы технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмысжасай алатындығында.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму дең-гейіне оқуматериалын меңгеруін қамтамасыз ету.
І деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықталған,меңгерген білімін өзгертпейқайталап, пысықтауына мүмкіндік беретін болуы тиіс және тап-сырмалар өмірмен байланысты болуы керек. Мен осы деңгейде алатын әдіс-тәсілдерім: сұрақ-жауап, сын жұмысы-диалог. Сынып жұмысы – диалог әдісімде сұрақтарды оқимын, оқушылар жауабын жазады.
ІІ деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге,жүйе-леуге берілген,өзгертілген, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білім түрлендіріліп пайдаланылуы қажет. Бұл тапсырмаларға логикалық есептер, әр түрлі ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Осы деңгейдегі тапсырманы орындауға «Көру сын жұмысы» әдісін аламын, яғни өткен тақырыпқа байланысты терминдер сәл өзгертіліп оқылып, тақтаға ілінеді. Оқу, жеке және хормен қайталап, есте сақтап, сосын өшірі-леді де, сөйлем дәптерге жазылады. Ең соңында сөйлем түгел тақтаға ілінеді. Оқушы өз-өзін тексереді. Көру сын жұмыс есте сақтауға жағдай жасап, орфо-графиялық байқағыштықты дамытады.
ІІІ деңгейдегі тапсымаларға танымдық іздену түріндегі тапсырмалар беріледі де,оныорындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-герген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады. Бұл дең-гейде әр түрлі схемалар мен схемантикалық схемаларды, сызба кестелер мен Венн диаграммасын пайдалануға болады.
IV деңгейдегі тапсырмалар –шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар.Оқушылардыңжинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінік-терінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шағаруға негізделген. Бұл деңгейге жататын тапсырмалар: олимпиадалық жұмыстар, берілген тақырыпқа өз бетінше рефераттар жасау, баян-дамалар дайындау, тақырыптық тест тапсырмаларын дайындау, яғни бұл тап-сырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Міне, осы деңгейге жеткен оқушыларға ситуациялық жағдайлар мен проблемалық сұрақтар беріп отырамын. Өз тәжірибемнен байқағаным: бұл деңгейде шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы дараланып шығады.
Құзыреттілік тәсіл идеясы –қоғамға қандай,жеке тұлғаға қандай білім қажет және олқоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру сала-сының өзекті мәселелерінің бірі. Құзыреттілік тәсілді, жоғарыдағы айтқаны-мыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім беру-дің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзереттілік деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқытудың негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Халықаралық білім кеңсесінде «құзыреттілік тәсіл». 2018 жылдың наурызында Халықаралық білім бөлімінен алынды: ibe.unesco.org.
2.Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. - 2005.
3.«Дәстүрлі оқыту және құзыреттілік бойынша оқыту»: Educationalab. Алынған күні: 6
наурыз 2018 ж. Educationalab: blog.educalab.es.
Тағы да оқыңыздар

Үздік педагогикалық тәжірибелер



















