Оқу үдерісінде SMART мақсаттарды қолданудың маңызы

Арнайы жобалар 16:50, 10.10.2026 14
Тилакбаева Айгул Болтабаевна

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Атырау облысы, Махамбет ауданы

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тилакбаева Айгул Болтабаевна

Бүгінгі білім беру жүйесінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау – негізгі мақсаттардың бірі. Осыған сәйкес мұғалімнің сабақты тиімді ұйымдастыруы, дұрыс мақсат қоюы – үлкен рөл атқарады. Жаңа заман талабына сай сабақ жоспары SMART мақсаттар негізінде құрылуы қажет. SMART – бұл нақты, өлшенетін, қолжетімді, өзекті және уақытпен шектелген мақсатты айқындауға көмектесетін әдіс.

SMART не білдіреді?

SMART – нақты, өлшенетін, қолжетімді, маңызды және мерзімі шектеулі мақсаттар қоюға арналған әдіс.

S – Specific (Нақты) Оқушылар нені үйренетінін дәл біледі.

M – Measurable (Өлшенетін) Қай оқушының меңгергенін анық көруге болады.

A – Achievable (Қолжетімді) Мақсат оқушының деңгейіне сай құрылады.

R – Relevant (Маңызды) Сабақ мақсаты оқу бағдарламасымен, өмірмен байланысады.

T – Time-bound (Мерзімі шектеулі) Мақсат белгілі бір уақыт ішінде орындалуы тиіс.

SMART мақсаттың артықшылықтары:

1. Мақсат айқын болады – оқушы не істеу керектігін нақты біледі.

2. Бағалау жеңілдейді – мұғалім нақты критерийлер бойынша бағалай алады.

3. Уақыт үнемделеді – сабақ құрылымы жүйелі болады.

4. Оқушының сенімі артады – нақты мақсатқа жеткенін көреді.

5. Жауапкершілік артады – мұғалім мен оқушының өзара байланысы нығаяды.

Мұғалім үшін пайдасы:

- Сабақты нақты жоспарлайды.

- Сабақ соңында қол жеткізген нәтижені көреді.

- Дифференциация мен кері байланысты жеңіл жүргізеді.

- Оқушы жетістігін нақты өлшей алады.

Маңыздылығы:

• Сабақ құрылымын нақтылайды;

• Мұғалім мен оқушының бағытын айқындайды;

• Бағалау критерийін анықтау жеңілдейді;

• Уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі.

• Сабақ құрылымы жүйеленеді;

• Күтілетін нәтиже нақты айқындалады;

• Оқу мен оқыту үдерісі тиімді ұйымдастырылады;

• Қалыптастырушы бағалауға қолайлы орта жасалады;

Сабақтың тақырыбы: Досыммен мақтанамын.

Ермек Өтетілеуұлы «Бірлік»

2.2.2.1 – мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;

2.2.3.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

• Сабақ мақсаты (СМАРТ бойынша) :

• - S Нақтылығы: Оқушылар мәтінді түсініп оқиды.

• - M (өлшенуі) : Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды және оның жауабын шығармадан табады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

• - A (қолжетімдіігі) : Мәтін 2-сынып деңгейіне сай.

• - R (маңыздылығы) :Оқу бағдарамасының мақсатымен, өмірмен байланыста болуы.

• - T (уақыты) : Сабақ барсында немесе белгілі уақыт ішінде нәтижеге қолжеткізу.

Білім беру ұйымының атауы

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі

Пәні:

Әдебиеттік оқу. Атамұра

Бөлім:

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты-жөні:

ТилакбаеваА

Күні:

19.12.2025ж

Сынып:

2сынып


Сабақтың тақырыбы:

№ 24 сабақ. Досыммен мақтанамын

Ермек Өтетілеуұлы «Бірлік»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

2.2.2.1 – мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

2.2.3.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

Сабақтың мақсаты

- Мәтінді түсініп оқиды, қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды және оған жауап табады;

- Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут

Өткенді пысықтау

5 минут

Сабақ

тың ортасы

20 минут

Сергіту сәті

2 минут

Сабақты қорыту

6минут

Кері байланыс

5 минут

Психологиялық ахуалды жақсарту

Өткенді пысықтау Галерия әдісі

Үй тапсырмасы

6-тапсырма

«Қолғанатым менің » деген мақтау сөз еститіндей оқиға ойластырып айт

Тақырыпты ашу

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы:Мемлекеттік тілді білу

1-тапсырма

Мақалдың жалғасын тап.

Жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер…

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды…

Жаңа тақырып. Мұғалім түсіндірмесі

Ұжымдық жұмыс

2-тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қой және оның жауабын шығармадан тап. Мәтіндегі негізгі ойды анықта. .

Жазылым

Сөздік жұмыс

Омбы қар- жел, боран үйіп, тапталған қалың қар.

Топтық жұмыс

1-тапсырма

Суретке қарап «Досым екеуіміз» тақырыбына әңгіме құра.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ қой

Сергіту сәті

«Нейрожаттығулар» әдісі

Жұптық жұмыс

3-тапсырма

Суретте кімдерді көріп

тұрсың?

Мәтінге сүйеніп, суреттегі

оқиғаны әңгімелеп айт

Үй тапсырмасы

4-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру

Сабаққа дайындық жасап, жақсы тілектер тілейді.

Үй тапсырмасын тексертеді

Тақырыпты ашады

Мақалды жалғастырады

Мәтінмен жұмыс жасайды

Дәптерлеріне сөздік жұмысын жазады

Жаттығу жасайды

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ қояды

Үй тапсырмасын алады

Кері байланыс жасайды

Мақтап, мадақтап отыру

Дескриптор:

Оқиға ойластырып айтады-1б

Өз ойларын жүйелі баяндайды- 1б

ҚБ:

« Смарт сағат» әдісі

Мақалдың мағынасын түсінеді

Дескриптор:

Қарапайым және нақтылау сұрақтарын қояды-1 б

Жауабын шығармадан табады- 1 б

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды- 1 б

Дескриптор:

Суретке қарап әңгіме құрайды-1 б

Мазмұны бойынша сұрақ қояды-1б

Топпен жұмыс жасай алады- 1б

Дескриптор:

Мәтінге сүйеніп оқиғаны баяндайды- 1 б

Жұппен жұмыс жасай алады- 1б

Суреттер

Суреттер

оқулық

оқулық

Суреттер

оқулық

Суреттер

Оқулық

Кері байланыс парағы








Қорытынды:

Бүгінгі таңда білім сапасын арттыру үшін SMART мақсаттарды қолдану – өте тиімді әдіс. Бұл оқушылардың білім алу жолын жүйелеп, нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Мұғалім ретінде біз әр сабағымызда SMART тәсілін енгізу арқылы оқыту мен тәрбиелеу сапасын жаңа деңгейге көтере аламыз.

Ұстаздың әр сабағы – шәкірттің болашағына жол сілтейтін шамшырақ. Сол шамшырақ жарқырап жануы үшін SMART мақсаттар – сенімді құрал!

Назарларыңызға рақмет!

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •