ХАНТАЛАПАЙ ОЙЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА БЕРЕР ПАЙДАСЫ ҺӘМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Хантағы ауылы
«Құлыншақ - 2» бөбекжай - бақшасы МКҚК-нің
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Бейсенбаева Лаура Абдибековна
АННОТАЦИЯ
Дана халқымыз өзінің өмірін асық ойындарымен байланыстырады. Олай дейтін себебім, қазақ халқы кең байтақ далада емін-еркін, мал жайып өскен. Олардың жегені қой болған. Осы қойдың асық жілігінде тұратын асықты әрбір адам жинаған. Себебі, келінім босанғанда шаңырақ иесі ұл болысн деген ырымға саяды. Мен өзімнің ғылыми жобамда асықпен ойналатын ойынның төресі атанған – Ханталапай ойынын алып отырмын. Бұл ойынды асықпен ойналатын болғандықтан, асықтың тарихына да аз-кем тоқтала өтуді жөн санадым. Зерттеушілердің дерегі бойынша асық ойындары VII-IX ғасырларда пайда болған екен. Байырғы қазақтың көшпелі халқы мен тайпалары өздерінің тұрмыстық құралы ретінде тас, ағаш, ұсақ мал мен ірі қараның сүйектерін пайдаланған. Таспен үй салып, ошақ жіне қора салған. Ал ірі қараның жауырынан тұрмыстық заттар жасаған. Қазіргі таңда біздің суретшілеріміз жауырыннан әртүрлі сувенерлік бұйымдар жасап, қазақ тайпаларының ежелгі қолданған бұйымдарын қайта жаңғыртуда.
Міне, дана халқымыз ұсақ малдың асығын балаларына ойнауға берген. Ал, өнертапқыштар асықтар әртүрлі ойындарды ойнатып, балалардың және ересек балалардың уақытының тиімді пайдалануына жағдай жасаған. Асық ойнау арқылы тек уақытты ғана тиімді пайдаланып қоймай, сонымен қатар санауды да үйренген. Қазақ халқының әрбір ойынын есептеуге, ақыл-ойды кемелдендіруге және баланың ой-өрісін дамытуға арналған.
КІРІСПЕ
Жоғарыда асық ойыны ерте заманда қалыптасқанын айтып өттім. Қазақ халқы асық бізге асық ойындарының 200-ге жуық түрін қалдырған екен. Ол ойындардың біршамасы ойнатылып жүрсеғ ал кейбірі мүлдем ойнатылмай ұмыт қалған екен. Зертеушілердің дерегі бойынша асық ойынының балалар мен ересектерге мәдени маңызы зор. Бқл ойын арқылы балалар мен жастар ұлттық құндылықтарды, потриотизм мен дәстүрлерге құрмет көрсетуді үйренді. Асық ойыны барысында қатысушылар әділдік, қайсарлық, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре алады. Сонымен қатар, асық ойыны балалардың басын қосып, бір-бірімен араласуына, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа интелектың дамыған заманында жас бүлдіршіндер уақытының басым бөлігін ұялы телефонда өткізеді. Ал асық ойыны баланы бір мезгіл болса да осы ғаламтор әлемінен арылтады. Әрбір ата-ана баласының үйде қызықты ойнайтын ұлттық ойындарды алып беріп, соны баласымен бірге ойнайтын болса өз баласының тәрбиесіне қосқан үлесі болып табылады. Өзім балабақшада жас бүлдіршіндерермен жұмыс жасағандықтан, олардың психологиясын түсінуге тырысамын. Олай дейтін себебім, қазір балалар бір ойынды 15 минуттан артық ойнай алмайды. Балалар бір ойыннан тез зерігеді. Сондықтан мен өзім қызмет жасайтын «Құлыншақ - 2» бөбекжай - бақшасы МКҚК-нің тәрбиеленушілеріне асық арқылы әртүрлі ойынды ойнатасын. Сол кезде балалар әсіресе қлттық ойындарды қызыға ойнайды. Балалардың қызығып ойнайтын ойынының бірі – Ханталапай.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХАНТАЛАПАЙ ОЙЫНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Қылыми мақалама арқау болған Ханталапай ойынын зерттеу барысында бұл ойынның да ежелден келе жатқан аңызы бар екен екенін білдім. Хан – талапай сөзінің мағынасы, аты айтып тқрғандай «ханды талау» деген сөзден шықса керек. кейбір деректерге сұйенер болсам, хан таққа отырған кезде, ханның малын сол ауылдың халқы талап алады. Себебі, оның ойы тек қана халықты, елді, жердің қамын ойлау керек дегенге саяды. Ал, ханның малын талап алғандар, оның малын өзінің дүниесіндей көбейтіп отырған. Хан тақтан кеткесің оның малын талап алған адамдар, оған қайтарып берген. Енді, екінші дерекке келер болсам, хан таққа отырған кезде оны ақ кигізге отырғызып көтеріп апарып таққа отырғызған. Хан отырған ақ кигізді біздің ұрпаңғымызға жұғысты болсын, біздің балаларымызда хан болсын деген ниетпен кигізді талап алған. Осындай ырымнан Ханталапай сөзі қалған деседі.
ХАНТАЛАПАЙ ОЙЫНЫН ҚАЛАЙ ОЙНАЙДЫ?
Ханталапай ойынының ойнау ережесіне келер болсам, осы ғылыми мақаланы зерттеу барысында бұл ойынның бірнеше ережесі бар екенін түсіндім. Батыс Қазақстан облысы, Алматы облыстары бұл ойынды Ханталапай ойыны деп шеңбер бойынша бастайды да, ал балалар асықты талап алғанан кейін асықтарды тізіп, асық ойыны секілді ойнайды. Осы ойынның нақты ережесін дәріптеп, Ханталапай тақтасын қалыптастырған өнертапқыш Полатбеков Жандос Аббазұлынан осы ойынның тақтасы мен ережесін алған болатынмын. Осы ойынның ережесіне сай ойнатуға тырысудамын.
Ж.Полатбеков дәріптеп жүрген Ханталапай ойынының жаңа тақтасы
Ханталапай ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – ойынды тек ер балалар ғана емес, қыз балалар да ойнай алады. Ойынның ережесі бойынша төрт-алты ойыншы қатысады. Ойынның ережесіне сай жиырма бір асық алынады. Осы ойынды зерттеу барысында кейбір өңірлерде Ханталапай ойынына 11 асықпен ойнатуда. Он жай асық, он біріншіні хан деп алады екен. Балалар таласып алған кезде он бір асық аздық болады деп ойлаймын. Сондықтан да мен балаларға 21 асықты қолданамын. Жиырма асық әртүрлі болса болады. Ал хан үлкендеу келген сақа асығын аламын. Қызыл әрі үлкен асық баланың назарына бірден түседі.
ХАНТАЛАПАЙ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Ханталапай ойынының ережесін бастамас бұрын, көптеген балабақшалардағы ойын барысын әлеуметтік желіден көріп шықтым. Сол кезде көпшілігі ойынды кілемге немесе жерге шашып ойнатады. Кезінде ойынның ережесі болғанымен, ойналатын заты болмады. Біз қазір заман талабына сай, заманауи жасалған тақтада ойынды ойнатқанымыз дұрыс деп есептеймін. Себебі, бала әрбір ойынға арналып жасалған тақтада ойынды ойнаса, олардың бойында ұлттық құндылыққа деген құрмет оянады. Ойын Ханталапай тақтасының бетінде ойналады. Ханталапай ойыны тақтасының авторы Жандос Полатбеков ойын тақтасымен бірге ойынның ережесін де заман талабына сай етіп қалыптастырған. Ойыншылар саны екеу болса қарама-қарсы, төрт адам болса айнала отырады. Ойынды кім бастайтынын анықтау үшін, ойыншылар кезекпен (сағат тілімен) ханды ортаға иіреді. Ханы алшы немесе үш рет тәйке түскен ойыншы ойынды бастайды.
Бастаушы ойыншы уысына (екі алақанына) жиырма бір асықты жинап, ортаға жайып шашады. Асықтарды бір төбеге үйіп тастамай, не болмаса бір-бірінен тым алшақ шашып тастамай соғуға ыңғайлы етіп тастайды. Ойнап отырған ойыншы үндемей отыру керек. Ойыншы байқамай сөйлесе, әлде жөткірінсе т.с.с, ойыншының ойыны тоқтатылып, кезек келесі адамға көшеді. Ойынның осы ережесін білетін қалжыңбастар ойынды ойнап отырған адамды күлдіріп немесе сөйлетуге тырысқан екен. Басқа, өз кезегін күтіп бос отырған ойыншылар сөйлей береді.
Асықтар ортаға шашылған сәттен бастап, бар ойыншылардың назары ханда болуы керек. Егер хан алшысынан түсіп жатса, ойыншылар «ТАЛАПАЙ» деп ортаға бас салып, мейлінше көп асық жинауға кіріседі. Талас тек ортадағы асықтарға жүру керек, қасындағы ойыншының жинап алып қойған асықтарын алуға, ұрлауға немесе әлімжеттік жасауға болмайды.
Хан алшы түспеген жағдайда, ойындағы ойыншы соққан асықтардың арасынан, басқа асықтарды қимылдатпай, алшысынан түсіп жатқан асықтарды бірдей позицияда жатқан асықтарды атып жинап алады. Сонан кейін ханмен позициясы бірдей жай асықтарды да атып алуға болады. «Талапай» деп асықтарды талап алғанда хан асығы басқа ойыншыға түсетін болса, онда ойынды ханды алған ойыншы бастайды. Ату барысында хан алшы түссе, ойыншы атып алған асықпен қоса ханды да алады. Хансыз қалған көп асықты, ойыншылар өз қалауы бойынша, кез-келген позициясы бірдей асықпен атып ала береді. Асық ату барысында жоғарыда аталған шарттардың біреуі бұзылса (нысанаға тимеу, нысанаға да басқа асыққа тию, атар сәтте ататын асықты қимылдату т.с.с), кезек келесі ойыншыға өтеді.
Ортаға соғылған асықтардың арасында қынжы түскені болса, басқа ойыншы бұл асықты, мейілінше басқа асықтарға тигізбей, ортаға иіріп тастайды. Жатқан асықтардың арасында омпы түскені болса, ойыншы бұл асықты сүйіп өзіне ала алады. Себебі, омпы түскен асық сәттілік әкеледі деп ырымдаса керек. Хан қынжы түссе де, омпы түссе де ортаға иіріліп тасталуы керек. 21 асық ойыншылардың үлесіне өтіп болғанда, әр ойыншы өзінің қанша асық атып алғанын санайды (хан санаққа енбейді). Хан асығы 10 қпайды құрайды, ал, жай асықтар 5 қпайды құрайды. Ханы бар ойыншы аз асық жинап қалса да, ханмен жеңіп кетуі мүмкін. Қолында ханы бар ойыншы, барлық асықты жинап келесі айналымды бастайды. Әр айналымнан кейінгі өтетін санақ ұпайлары өткен айналымдардағы ұпайларға қосылып отырады. Бірінші болып межеге жеткен ойыншы (21 асық атып алған), бірінші орынға шығып, ойынды аяқтайды. Қалған ойыншылар межеленген 21 асық атып алғанша ойынды жалғастырады. Қандай да бір себептермен (талапай, алшы түскен асықтарды алу немесе қате санау кезеңдерінде) ойыншы 21 асықтан артық алып қойса, жинаған ұпайлар «күйеді» де, ойыншы келесі айналымнан бастап ойынды нөлден бастау құқына ие болады. Асық атып алу әрекетінде Шана әдісі (асықты нысанадағы асыққа шертіп емес, жартылай сүйретіп апарып тигізу). Ату барысында атылған асықты қай қолмен алу шарты (асық оң жақ қолмен атылса, атылған асықты тек сол жақ қолмен алу). Ханның жатқан орнына байланысты ойыншының орын ауыстыру мүмкіндігі
ОЙЫН ТАҚТАСЫНЫҢ ЕРЕКЕШЕЛІГІ
Осы Ханталапай ойынды мен өзім қызмет жасайтын балабақшаның тәрбиеленушілеріне үйретемін. «Ханталапай Ұлттық ойыны» деген жазуы бар арнайы тақта мен алаңшада ойнатамын. Балаларға тақта мен алаңшада ойнаған ыңғайлы. Олай дейтін себебім, Ханталапай ойынының тақтасын алмай тұрғанымда мен де балаларға кілемнің үстінде ойнатқан едім. Балалар ол кезде бұл ойынға ойын деп қарамайтын. Тез жалығатын еді. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, әрбір ойынның арнайы тақтасы болу балалар үшін өте маңызды екенін түсіндім.
ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ОН БІР АСЫҚПЕН ОЙНАЛАТЫН ХАНТАЛАПАЙ ОЙЫНЫ
Өзімнің таңдаған тақырыбыма арқау болған ғылыми мақаламады зерттеу барысында Ханталапай ойынының басқа өңірлерде қалай ойналатынын зерттедім. Қарап отырсам әр өңір өздерінің жүйелеген ережесіне сай етіп ойнайды екен. Кейбір жерлерде 11 асықпен де Ханталапай ойынын ойнайды. 241 асықпен Ханталапай ойынын ойнататын Батыс өңірі балаларға асықты ортаға шашады да «Талапай» деп таласып жинап алады. Жинап алған асықтың береуін немесе екеуін ортаға тізіп тігеді да біртіндеп шығып нысанаға дәлдеп атады. Ханталапай ойынының соңы Асық ату ойынына ұласып кеткендей болып көрінеді. Ал, 11 асықпен ойналатын Ханталапай ойынның ережесі де асық ату ойынына ұқсап кетеді. Сондықтан да әрбір ойынды жүйелейтін ойын ережесі болғаны жақсы болар еді.
ОЙЫН БАРЫСЫНДАҒЫ ТЕРМИНДЕР
АЛШЫ – асықтың ойық қыры үстіне қарап, тік тұрғанда аталатын позицияның атауы. Асық алшысынан түсуі сәттілік, шаттық, жеңісті білдіреді.
ТӘЙКЕ – асықтың тегіс қыры үстіне қарап тік тұрғанда (алшыға қарама-қарсы) аталатын позицияның атауы. Тәйке түйе малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан екінші орында. Бүк – асықтың дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен түсіп жатқанда аталатын позицияның атауы. Бүк қой малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан үшінші орында.
ШІК – асықтың шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық жатқанда аталатын позицияның атауы. Шік ешкі малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан төртінші орында.
ОМПЫ – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып тұрғанда аталатын позицияның атауы. Асық омпысынан түсуі ойға да кірмеген, адам нанғысыз, аз ықтималды оқиғаның орын алуын білдіреді. Асық иіру – бас бармақ және сұқ саусақпен асықты екі бұрышынан ұстап ортаға иіріп (айналдырып) тастау.
БҮК – асықтың дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен түсіп жатқанда аталатын позицияның атауы. Бүк қой малының белгісі ретінде қолданылады, дәрежесі жағынан үшінші орында.
ҚЫНЖЫ – асықтың қырымен, бір жаққа қисайып тұрғанда аталатын позицияның атауы.
ҚИМЫЛ ЖАТУ – екі немесе одан көп асықтардың бір-біріне тиіп жатқанда, арасындағы біреуін алу, басқа асықты қимылдатуға әкелетін жағдайда қолданылатын термин.
АСЫҚ ИІРУ – бас бармақ және сұқ саусақпен асықты екі бұрышынан ұстап ортаға иіріп (айналдырып) тастау.
АСЫҚ АТЫП АЛУ – бір асықты (әдетте хан) шертіп атып, басқа позициясы бірдей асыққа тигізіп, тиген (атылған) асықты ұпай ретінде өзіне алу. Асық атып алу әрекетінде келесі шарттар орындалу керек.
ТҮЙІН
Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Бүлдіршіндер бұл ойындарды ойнау арқылы топ болып жұмыс істей білуін қалыптастыра аламыз. Және де патриоттық сезімдерін оятып, Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін оята аламыз. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындары. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, әртүрлі ойын арқылы да көзге түскен. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдап отырған. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып келеді. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулитынын атам қазақ айтып кеткен.
ҚОРТЫНДЫ
Ғылыми мақаламды қортындылай келе, қазақ ойындарының басым бөлігі асықпен ойналатынын байқадым.Қазақ халқы «асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген сөзді қалдырған деседі. Қазіргі заманда асық пен доп ойнағандар озатынын, бұл айтылған мақалдың қате пікір екенін дәлелдегендей. Сонымен ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойын адамның ақыл – ойын қалыпты дамуына мүмкіндік береді. Ханталапай ойынын ойыншылар ойнау арқылы шыңдала түсуімен қатар ойынның күрделігі де жоғарылай түсу керек. Күрделілік келесі шарттарды алып-қосу арқылы жүзеге асырады. Қазақ ұлтының ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы өте зор. Жастарды әдептілікке, бауырмалдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақ халқының сал-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж.
2. ↑http://kitaptar.com/ Мұрағатталған 2 ақпанның 2014 жылы.
3. Ойшылдар ойыны авторлары Ж.Полатбеков, Р.Нарбек 2022 ж.




















