ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙІНІН АНЫҚТАУДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Арнайы жобалар 20:09, 10.10.2026 10

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Капсаланова Шолпан Дженисовна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бірінші санатты басшы

физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

«№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицей» КММ

Қазіргі таңда кәсіптік білімге орай бейімдеп оқыту көзқарасы жаңа заман үдерісіне сәйкес ғылымның мол жетістіктерімен қаруланған, бейіндік қабілеті шыңдалған оқушы тәрбиелеу болып табылады. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Әр жыл сайын жоғарғы сынып оқушыларының алдында бірнеше сұрақтар туындайды, ол «Кім боламын?», «Қандай мамандықты таңдап оқуға барамын?», «15-20 жылдан кейін менің таңдаған мамандығыма деген сұраныс болады ма?», «ХХІ ғасырдың орта шегіне қарай қоғам мамандыққа қандай талап қояды?»- деген сан алуан сұрақтар шешемін таба алмай, оқушы өз таңдауын дұрыс жасайды ма, әлде таңдауы қате болып шығады ма деген күдік әрбіреуін ойландыратыны анық. Сондықтан да «Кім боламын?» деген сұрақ жанында «Қандай болуым керек немесе қажет?» деген сауал туындап отырады. Ал, бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттті болуы өте маңызды болып табылады. Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Оқушы өзін мамандықтар әлемінде табу өзінің қоғамға қажетті адам екенін сезінуі, бір жағынан кәсіптік таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, яғни менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабы.Дұрыс таңдалмаған мамандықтың жағымсыз тұстары адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға кері әсер етеді.

Бейінді оқыту деген не?

- оқытудың жеке және зерделеу әдісі.

- оқушының қабілеті мен бейінділігіне сай қызығушылығын ескере отырып, білім үрдісін ұйымдастыру, мазмұны мен құрылымын өзгерту.

- жоғарғы сыныптағы оқушының кәсіби қызығуы мен білімді жалғастыруға қажеттілігінің тууына байланысты оқытуға жағдай жасау.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру кезінде ең бастысы оқушының қабілеті мен бейінін, кәсіби қызығуын ескере отырып, бейіндеу бағыттарын анықтау. Оқушылардың бейімдері мен қабілеттерін есепке алмай жүргізілген саралау оң нәтиже бермейді.

Бейіндік оқытуға көшудің негізгі мақсаттары :

- жекеленген жалпы білім беретін пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

- оқытуды саралауға және даралауға, оқушылардың өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дара білімдік траекторияларын таңдауға жағдай жасау;

- оқушыларды әлеуметтендірудің, оның ішінде түлектерді кәсіби өзіндік анықталуының мүмкіндіктерін кеңейту;

- жалпы орта және кәсіби білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Оқушылардың қандайда бір пәнді таңдауларына қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрамын зерделеу бойынша педагог-психологтардың зерттеулерін талдай келе, оның негізгілерін бөліп көрсетейік:

- Әдеби тілдік бейімділік - шығармашылық белсенділік, байқағыштық сияқты эстетикалық көзқарас жадында көрнекті бейнелердің сақталуы, шығармашылық елестету, сезімталдық және тілдің мәнерлігі анықтайды;

- Математикалық бейімділік - ойлау үрдісінің жылдамдығы, терең әрі жоғары деңгейде талдай алуы,

қабылдау математикалық іс- әрекетке қажеттілік, математикалық қисын, кеңістікті түсінуді көрсетеді;

- Техникалықбейімділік-ойлайалуменелестету,байқағыштық,іскерлік арқылы сипатталады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мынадай міндеттерді тудырады, олар:

- бейіндік мектептің негізгі жұмыс қорытындысы- жоғары сынып оқушысының тұлғалық дамудың нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы;

- таңдаудың негізінде оқушының өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін сәйкестендіре алуы;

- бұл нұсқалардың саны оқушы даралығының жан-жақтылығын ашу үшін жеткілікті болуы;

- оқушы таңдаған тұлғалық дамудың нұсқасы тек оның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге қоғам үшін де маңызды болуы;

- таңдаған іс-әрекет аймағындағы іскерліктер мен дағдылар, жетістіктер оқушының жетістік портфолиосын құру т.б. тұрады.

Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі ауыстырады.

Бейіндік қабілетін анықтауда көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

- мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

- бейімділіктері (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);

- қабілеттері, денсаулығы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

- ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы;

- ата-ананың, отбасының көзқарасы;

- мұғалімдар мен мамандардың көзқарасы;

- жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.

Бейіндік оқытуға оқушыларды тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу негізінде анықталады. Оқушылар дұрыс таңдау жасау үшін, өзінің қабілеттері, қызығушылығы мен бейімі, мінезі мен темпераменті туралы не білуі керек? Өзінің кім екенін, кім бола алатынын, кім болғысы келетінін, кім болуы керек екенін және алға қойға мақсаттарын қалай іске асыру керек екендігі туралы білу үшін келесідей әдіс-тәсілдерді өз зерттеу жұмысымда қолдандым, олар: С.Карпиловтың бағдарлық-диагностикалық сауалнамасын, Е.Климовтың мамандық түрін таңдау сауалнамасы, Кәсіби бейімділікті анықтау сауалнамасы.

Сынып оқушыларының бейіндік қабілетін, олардың кәсіпке қызығуы мен білімге қажеттіліктерін анықтайтын психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдер нәтижесі оқушының білімін жалғастыруын және тереңдетуін, сондай-ақ бейіндік оқыту бағытын анықтайды, әрі кәсіпалды дамуын қамтамасыз етеді. Біздің зерттеу жұмысымыз оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда психологиялық педагогикалық әдіс-тәсілдердің нәтижесін қолдану мектепте келесідей мәселелердің шешімін табуға ықпал етуі қажет екендігін көрсетті, олар:

- бейіндік оқыту мәселесін тереңнен зерттеуді ұйымдастыру (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу;

- білім беру мен білім алуға деген сұраныстарға диагностика жүргізу;

- белгілі бейімділікке байланысты оқытуда арнайы кабинеттер мен оқу орындарын даярлау, құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету.

- оқушылардың кәсіби бейімділіктерін анықтау, психодиагностикалық жұмыстар жүргізу, соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу;

- элективтік курстарды ұйымдастыру;

- әр оқушының бейімін ескеру мен оның жан - жақты дамуына психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау.

Қорыта келгенде жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін дер кезінде анықтау, шыңдау мен дамытуда психологиялық-педагогикалық негіздерді дұрыс бағытта қолдана білу бейімділікті анықталудың негізі болып табылады деп түйін жасауға болады. Қазіргі заманда өзін -өзі таба алмай , өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай , өзін өзі тұншықтырып жүргендердің, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, өзінің қабілеті мен бейімін анықтай білмегендігінде және өзінің кәсіби дамуын жобалай алмағандығында, бейіналды дайындықтың жүргізілмегенінде.

Дұрыс таңдау жасау үшін өзіңнің қабілеттерің, қызығушылықтарың мен бейінің, мінезің мен темпераментің туралы нақты не білуің керек. Бұл сатыда өзін-өзі бағалау ата-ананың, от басының , құрбы-құрдастарының өзі туралы көзқарастары, өзіндік қабілеттері, ішкі мүмкіндіктері, денсаулығы (шектеулер) туралы мәліметтер жиналады. Мәліметтер бір қалтаға (папкаға) жинақталады.

Бейіналды даярлық оны ұйымдастыру мен өткізу мынадай принциптерге сәйкес болған жағдайда өз мақсатын орындайтын болады:

1. Негізгі жалпы білім берудің сапасы оқытудың басты құндылығы болып табылады, оны бейіналды даярлық міндеттерін шешу үшін құрбан ету мүмкін емес.

2. Бастауыш мектепте оқыту құзыреттілікке бағытталған тәсілге негізделуі керек. Бейінді оқыту тұжырымдамасында қойылған мақсаттардың бірі "оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту" болып табылады.

3. Бейіналды даярлық оқушының бағдарлануын қамтамасыз етеді, бірақ оқушыларды арнайы іріктеуге негіз бола алмайды, өйткені орта мектепте бейіндік оқыту оқушыларды іріктеуді де, оларды белгілі бір бейінге қатаң бекітуді де көздемейді.

4. Өзін-өзі анықтау мәселелерін шешуде әр түрлі іс-әрекет түрлері мен тәсілдерін меңгеру мен жүзеге асырудағы жеке тәжірибе, сондай-ақ жауапты таңдау жасау тәжірибесі үлкен рөл атқарады, сондықтан бейіналды даярлық аясында негізгі екпін оқушылар таңдаған тәжірибенің әртүрлі формаларына аударылуы керек. Бұл бейіналды оқытудың мазмұнын құрайтын элективті пәндердің мақсаты пәндік білімдерін тереңдету емес, іс-әрекеттің негізгі әдістерімен танысу екенін білдіреді.

5. Таңдау қабілеті 9-сыныпқа дейін әлдеқашан қалыптасуы керек екеніне қарамастан, оқушы тап болған таңдау жағдайы оның болашағы үшін бірінші рет айтарлықтай ауыр зардаптарға әкеп соғады. Сондықтан бейіналды даярлықтың бұлжымас шарты оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау болуы тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Абдрахманова, Г. К. Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау әдістемесі. – Алматы: Білім, 2018.

2. Аймауытов, Ж. Психология. – Алматы: Ана тілі, 2017.

3. Қоянбаев, Ж. Б., Қоянбаев, Р. М. Педагогика. – Алматы: Рауан,

2015.

8. Мұқанов, М. М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы:

Қазақ университеті, 2014.

9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды бейіндік оқыту тұжырымдамасы. – Астана, 2019.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •