ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДАҒЫ РӨЛІ

Арнайы жобалар 16:30, 10.10.2026 8

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Шеризат Айзада Жомартқызы

информатика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

«№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицей» МКМ

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы ақпараттық технологиялардың, соның ішінде жасанды интеллекттің (ЖИ) кеңінен қолданылуымен тығыз байланысты [Luckin et al., 2016]. Білім беру жүйесінде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту – басты міндеттердің бірі [Baker & Smith, 2019]. Осы тұрғыда жасанды интеллект элементтерін мектептің информатика курсында қолдану өзекті болып табылады.

Жасанды интеллект – адамның ойлау қабілетіне ұқсас әрекеттерді орындай алатын компьютерлік жүйелер мен бағдарламалар жиынтығы. ЖИ технологиялары деректерді талдау, шешім қабылдау, үйрену және болжау сияқты мүмкіндіктерге ие.

Бүгінгі білім беру саласында трансакциялық шығындар өте көп. Трансакциялық шығындар дегеніміз – мазмұнына тікелей қатысы жоқ, бірақ уақыт пен күшті талап ететін қосымша әрекеттер. Жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары осындай шығындарды, мұғалімнің күнделікті жұмысын жеңілдететін қуатты құралға айналып келеді. Өз педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, ЖИ әсіресе уақытты көп алатын рутиналық тапсырмаларды автоматтандыруға үлкен мүмкіндік беретінін көремін. Өзімнің күнделікті жұмысымда қолданылатын ЖИ: ChatGRT, Canva, Gamma AI, Gemeni.google.com.

Ең алдымен, ЖИ-дің көмегімен оқу материалдарын дайындау айтарлықтай жеңілдейді. Мысалы, сабақ жоспарының құрылымын құру, оқу мақсаттарына сай тапсырмалар мен бағалау критерийлерін жазу, әр деңгейге арналған жаттығулар генерациялау сияқты жұмыстарды бірнеше минут ішінде орындауға болады. Бұрын мұндай тапсырмалар көп уақыт пен күшті талап ететін, ал қазір ЖИ мұғалімнің орнына емес, көмекшісі ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, тест сұрақтарын, диктант мәтіндерін немесе практикалық жұмыстарды құрастыру да ЖИ арқылы оңай әрі жылдам жүзеге асады.

Екінші маңызды бағыт — оқушылардың жазбаларын тексеру және кері байланыс беру. ЖИ орфографиялық және грамматикалық қателерді табуға көмектесіп қана қоймай, мәтіннің логикасын, құрылымын немесе мазмұндық толықтығын талдауға да қолдау көрсете алады. Әрине, бұл мұғалімнің кәсіби

бағалауын алмастырмайды, бірақ уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, ЖИ жеке оқыту траекторияларын құруға да ықпал етеді. Қабілетіне қарай тапсырмаларды саралау, қосымша түсіндірулер беру немесе оқушы деңгейіне сай ресурстарды ұсыну сияқты әрекеттерді жүйелі түрде ұйымдастыру мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Дегенмен, ЖИ қолданудың белгілі шектеулері бар. Біріншіден, технология кейде қате немесе дәл емес ақпарат беруі мүмкін, сондықтан мұғалім тарапынан міндетті түрде тексеруді қажет етеді.

Екіншіден, ЖИ-ға шамадан тыс тәуелділік педагогтың шығармашылығына, әдістемелік ойлауына кері әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, оқушылардың өзіндік жұмыстары мен академиялық адалдық мәселелері де бақылауды қажет етеді, себебі ЖИ тапсырманы олар үшін толығымен орындап беруі мүмкін.

Академиялық адалдық: ЖИ қай жерде қолданылғаның көрсету; Цифрлық этика:жалған немесе бейтарап мазмұнды болдырмау;

Кибергигиена: жеке деректерді қорғауқауіпсіз сақтау, ресми сервистерді қолдану.

Қорытындылай келе, Жасанды интеллект білім беруді революциялық түрде өзгерту әлеуетіне ие, бірақ ол мұғалімдерді алмастыру үшін емес, олардың жұмысын коллаборативті түрде жетілдіру үшін пайдаланылуы керек. Тиімді ЖИ интеграциясы үшін технологиялық инфрақұрылымды дамытумен қатар, педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, этикалық нормаларды әзірлеу және дәстүрлі педагогикалық тәжірибені жаңа технологиялармен үйлестіру қажет.

Білім беру саласында ЖИ-ді сәтті енгізу, адамдық байланыстарды сақтай отырып, технологияны ақылмен пайдалана білуді талап етеді [Қасымова & Әлімов, 2021]. Болашақ педагогикалық тәжірибе мұғалімдердің адамгершілік қасиеттері мен ЖИ-дің аналитикалық мүмкіндіктерін үйлестіретін модельдерді қамтиды деп ойлауға негіз бар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Baker, T., & Smith, L. (2019). Өзін-өзі үйрететін: Білім берудегі жасанды интеллект. Білім баспасы.

2. Қасымова, А.М., & Әлімов, Қ.Т. (2021). «Жасанды интеллект технологияларының педагогикалық процеске интеграциясы» . ҚазҰПУ Хабаршысы, 3(45), 12-25.

3. Luckin, R., Holmes, W., Griffiths, M., & Forcier, L. B. (2016). Intelligence Unleashed: An argument for AI in Education. Pearson.

4. Білім берудегі ЖИ-ның әлеуетін жан-жақты қарастыратын негізгі халықаралық зерттеу.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •