ЦИФРЛЫҚ БЕЙНЕМАЗМҰН АРҚЫЛЫ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Арнайы жобалар 10:03, 09.10.2026 7
Тлеубаева Қанафия Умиржановна


2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Тлеубаева Қанафия Умиржановна

Педагог -сарапшы

Атырау қаласы Ф.Досымова атындағы №12 орта мектептің

тарих пәнінің мұғалімі

Аңдатпа

Қазіргі білім беру процесінде мультимедиалық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, тарихи ақпаратты түсінікті және есте қаларлық етіп жеткізуге мүмкіндік береді. Бейне материалдар тарихи оқиғаларды визуализациялау арқылы оқушылардың назарын аударып, олардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бейнелерді пайдалану білім беру процесін жекелендіруге, әртүрлі оқу деңгейіндегі оқушыларды қамтуға, сондай-ақ сабақтарды интерактивті әрі қызықты етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Мақалада бейнематериалдарды таңдаудың критерийлері, оларды қолданудың әдістері мен практикалық ұсыныстар талқыланады.

Кілт сөздер: ақпараттық технология, инновациялық әдістер, бейнебаян, тарихи білім

Аннотация

В современном образовательном процессе использование мультимедийных технологий и интерактивных методов обучения способствует повышению познавательного интереса учащихся, а также делает историческую информацию более понятной и запоминающейся. Видеоматериалы, визуализируя исторические события, привлекают внимание учеников и способствуют развитию их критического мышления. Кроме того, использование видео позволяет персонализировать образовательный процесс, охватить учащихся с разным уровнем подготовки, а также сделать уроки более интерактивными и увлекательными. В статье рассматриваются критерии выбора видеоматериалов, методы их применения и практические рекомендации.

Ключевые слова: информационная технология, инновационные методы, видеоролик, исторические знания

Annotation

In the modern educational process, the use of multimedia technologies and interactive teaching methods contributes to increasing students' cognitive interest and makes historical information more comprehensible and memorable. Video materials, by visualizing historical events, capture students' attention and promote the development of their critical thinking skills. Moreover, the use of videos allows for the personalization of the educational process, the inclusion of students with different levels of preparation, and the organization of lessons in a more interactive and engaging way. The article discusses the criteria for selecting video materials, methods of their application, and practical recommendations.

Keywords: information technology, innovative methods, video footage, historical knowledge

«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приоритетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді ақпаратты алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және падалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр [1, 25 б.].

Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, адамгершілікке, елжандылыққа, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Осы тұста пән мұғалімнің міндеті – сабақтарда тақырыпқа сай бейне материалдар, бейнеүзінділер, телехабарлар, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жасалған бағдарламаларды күнделікті қолдану. Оларды қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сабақты жан-жақты сипаттай алатын мәліметтерді жинақтау, оқушыларды бірлескен жұптық, топтық жұмыстарға тарту секілді іс-әрекеттерді ұйымдастыра алады. Алайда жинақталған мәліметтер оқушының жас ерекшелігіне сай, нақты тақырыпты аша алатын, уақыт межесінен аспайтын, оларды жалықтырып алмайтындай болуын мұғалім тарапынан саралануы қажет.

Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты бейне материалдарды пайдалану, әр түрлі желілер арқылы соның ішінде YouTube, Tik-tоk арқылы дәріс беру, түсіндіру белең ала бастады. Оқушылар күнделікті өмірде қолданып жүрген гаджеттерден көрген бейнелерді негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдайды. Олардың арасында ақпаратты меңгеру барысында жазбаша дереккөздерге қарағанда, жарқын және түрлі-түсті көрнекі бейнелерді қарау әдетке айналып барады [2]. Осы тұста заман талабына сай мұғалім өз пәнін оқытуда оқушылардың ынтасын арттырғысы келсе, бейне материалдарды сабақта белсенді қолдануы қажет.

Бейне сабақтың ең басым жақтарының бірі – көрермендермен эмоциялық және танымдық деңгейде сөйлесуі [3]. Оқушыларға әсер ету қабілеті арқылы бейне сабақтар, оқыту барысында оқуға деген мотивацияға да, тиімділікке де күшті оң әсер ете алады. Сыныпта бейне материалдарды пайдалану келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді, олар: қолайлы оқу ортасын құру, уақытты тиімді ұйымдастыру, оқу іс-әрекеттің мазмұндылығын және сапасын арттыруға және т.б. Жоғары ақпараттық технологиялар әлемінде өмір сүре отырып, қоғамның өзі барлығын ақпараттандыру үдерісіне еріксіз тартады.

Сондықтан да адамның қоғамда өз орнын алу қажеттілігі заманауи ақпараттық технологияларды тәжірибеде қолдану қажеттілігіне әкеледі және ақпараттандыру мүмкіндіктерін жоғары бағалай отырып, оларды күнделікті сабақта қолданудың қажеттілігі деп есептейді[4].

Профессор Г.М. Коджаспирова бейне материалдарды күнделікті сабақ үдерісінде қолдану оқушыларға тек көріп, естіп, сезінуге ғана емес, сонымен бірге оларды есте сақтау мүмкіндігін арттыратынын атап өткен. Күнделікті сабақтың сапасын жақсарту бойынша бірқатар еңбектер жазған К.В. Петрованың зерттеулері бейне материалдарды сабақ барысында қолдану оқушылардың эмоционалдық байланысын күшейтіп, іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыратынын, ақпаратты есте сақтау қабілетін жақсартып, оны болашақта қайта еске түсіру ықтималдығын жоғарылататынын көрсеткен [5].

Сондықтан оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, олардың білімге деген қызығушылығын арттыратын қолайлы атмосфера құру маңызды. Бұл ретте, оқушыларды ізденіске, зерттеуге және шығармашылық әрекетке ынталандыру ерекше рөл атқарады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін кез-келген бағытта және кез-келген формада қызықты ете отырып, олардың қызығушылығын арттырудың түрлі жолдары мен әдістерін қарастыру қажет. Осылайша, сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылар мен мұғалімдерге жаңа тақырыпты тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін маңызды құрал ретінде қарастырылуы тиіс.

Әсіресе, тарих сабағында бейне материалдарды қолдану оқу материалын терең түсінуге, оқушылардың тарихи оқиғаларды көзбен көру арқылы елестетуіне, тұлғаларды және мәдени құндылықтарды шынайы әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Бейнематериалдар оқушыларға сол дәуірдің атмосферасын сезінуге көмектесіп, тарихи фильмдер мен деректі фильмдер арқылы оқушылар белгілі-бір оқиғаларды визуалды түрде қабылдауға әсер етеді. Білім алушылардың тарихи санасын қалыптастырады.Мысалы, Қазақстаннан табылған Алтын адамдар, тұлғалардың бейнежазбалары, көшпелілердің өркениеті сияқты деректі фильмдерді қарау барысында оқушы материалдың жалпы мәнмәтініне ғана емес, сонымен бірге бұл деректі фильмнің қайда, қашан және кім түсіргеніне назар аударылып, оқушыларға өткен туралы объективті түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Стандартты дәріс оқу тәсілімен салыстырғанда, бейне форматта ұсынылған ақпарат білім алушылардың назарын көбірек тартады. Тарих сабағында соғыс сахналарын, археологиялық қазбаларды немесе маңызды тарихи оқиғалардың бейнелерін көрсету сабаққа шығармашылық серпін береді. Сондай-ақ, оқушыларға эмоциялық әсер етіп, олардың тарихи оқиғаларға деген қарым-қатынасын қалыптастырады. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс туралы деректі фильмдерді қарау оқушыларға сол кезеңдегі халықтың ауыртпалығын сезінуге мүмкіндік береді. Бұл тарихи оқиғаларға деген терең түсінік пен құрмет қалыптастырады.

Бейнематериалдарды қолдану мұғалімдерге күрделі тақырыптарды қысқа уақытта түсіндіруге мүмкіндік береді. Мысалы, бірнеше сағаттық тарихи оқиғаларды қысқаша роликтер арқылы көрсету білім алушылардыңсабаққа деген қызығушылығын арттырып, сол заманның мәдениеті, сәулеті, өнері арқылы жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Бейнематериал сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарынасәйкес келіп, тарихи шындыққа негізделуі және сенімді дереккөздерден алынуы маңызды.Сондай-ақ, берілген ақпараттың ғылыми тұрғыда дұрыс әрі объективті болуын қамтамасыз ету қажет.

Бейнебаяндыны сабақ басында қолдану оқушылардың қызығушылығын оятып, жаңа тақырыпқа назар аударуға мүмкіндік береді және бейненің ұзақтығы 5-10 минуттан аспағаны тиімді, себебі берілген ақпарат білім алушылардың зейініне сақтау мүмкіндігіне сәйкес болуы қажет. Қысқа әрі маңызды ақпарат беретін бейнематериалдар оқушылардың назарын жоғалтпауға көмектеседі.

Бейнематериалды көріп болған соң, топтық немесе жұптық талқылау ұйымдастырып, талдау, рефлексия немесе шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырған маңызды. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалау, өз көзқарастарын жазбаша немесе ауызша түрде баяндау сияқты тапсырмаларды беру білім алушылардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Бұл білім алушылардың жаңа бейнематериалды қаншалықты түсінгенін анықтауға болады.

Тарих пәндері бойынша білім алушыларды сабақтарда тарихи деректерді талдау және цифрлық құралдарды пайдалана отырып өз зерттеулерін жүргізугеынталандыру маңызды болып табылады. Осы мақсатта сабақтарда бейне презентациялар немесе жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалану сияқты мультимедиялық жобаларды қолдану ұсынылады. Бұл сыни ойлауды дамыту, ақпаратты талдай білу, коммуникативті дағдылар мен шығармашылық сияқты заманауи талаптарға сай келеді. Тарих сабақтарында білім алушыларға тарихи оқиғалар, тұлғалар және дәуірлер туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беретін чат боттарды немесе виртуалды көмекшілерді пайдалану ұсынылады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне арналған тарих сабақтарында педагогтер білім алушыларға ұлттық мүдделерді қорғаудағы көзқарастарын, идеялары мен қызметін тереңірек түсінуге көмектесу үшін тарихи тұлғалардың өздерімен диалогқа келтіретін чат боттарды пайдалануға болады. Тарихи тұлғаларды зерттеуге танымдық қызығушылықты дамыту үшін тарих сабақтарында фотосуреттерде анимациялары бар бейнелер жасау және Deep Nostalgia шынайы бейнесін көру технологиясын қолдануға болады. Технология тарихи тұлғаның шифрланған анимациясын жасауға мүмкіндік береді. Оны білім алушы жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен бірге табуға кеңес беріледі. Білім алушыларға тарихи тұлғаны нейрондық желіге қарағанда тезірек болжауы оларға қосымша мотивация береді. Осылайша, жасанды интеллект пен нейрондық желілер мотивациялық және білім беру жағынан оқытуда тамаша көмекші бола алады.

Сабақтарда тарихи оқиғаны баяндауда визуалды (видео, скрайбинг, майнд-мэп, инфографика), толықтырылатын сандық әңгімелеуді (storytelling) қолдансақ, білім алушының жеке көзқарасы қалыптасады. Мысалы, «8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру», «8.2.3.4 Қ.Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру», «9.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылы мына қосқан үлесін бағалау» оқыту мақсаттарын іске асыру кезінде сандық әңгімелеудің артықшылықтарын көрсету ұсынылады. Ақпаратты іздеу және жүйелеуді ұйымдастырудың бұл әдістері тарихи процестер мен оқиғаларды шынайы мысалдармен табу, талдау, іріктеу, қайта құру, сақтау, түсіндіру және баяндау, сондай-ақ ақпаратты заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүйелеуге мүмкіндік береді [6,67 б.].

Американдық педагог Эдгар Дейлдің зерттеулері бойынша адамдар естігендер 20%-ын, көргендерінің 30%-ын есте сақтайды, ал айтқандары мен жазғандарының 70% есте қалады екен. Сабақтарда бейне материалдарды қолдану арқылы бейне баяндар дайындау немесе тарихи кинофрагменттерді көрудің тиімділігі оқушылар жаңа тақырып бойынша алған білімдерін, өздері көз алдарына келген суретті, бейнефильмде ұсынылған суреттермен салыстыра алуында.

Қорытындылай келе, оқу жүйесін жетілдірудің заманауи мақсаттары мен міндеттері оқу бейне бағдарламаларын қолданудың кешенді тәсілін қолдануды талап етеді, өйткені ең үлкен педагогикалық әсер ол дәстүрлі визуализация құралдарымен бейне материалды жақсы үйлестіре отырып қалыптастыра алу. Бейнебаянды біріктіру, зерттеу, практикалық жұмыс, кестелер мен графиктер, оқулық мәтінімен жұмыс, қарау және дәстүрлі аудиовизуалды оқыту құралдарын тыңдау және т.б. сабақты белсенді әрі жігерлі етуге мүмкіндік береді және оны оңтайландыруға ықпал етеді. Мұғалім сабақта жазба үзінділерін тақырып сұрақтарына жауап бере алатындай, жаңа сабақ тақырыбын аша алатындай етіп таңдау қажет. Бейнебаян көрсетілгеннен кейін мұғалім өткізілген талқылауда оқушылардан алдын-ала қойылған сұрақтарға, бейне материалдыкөргенненкейінгіжауаптарымен өзара бөлісуін сұрайды. Мұндай технологияларды пайдалану ұжымдық иммунитет қалыптастырып, оқушылардың қызығушылығын артырары сөзсіз.

Бейнематериалдарды сабақ барысында орынды әрі жүйелі қолдану – оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқу үдерісінің сапасын көтерудің тиімді жолы. Бейнематериал тек ақпарат берудің құралы ғана емес, ол оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын, сараптау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Тиімді бейнематериалдар арқылы тарихи оқиғалар тереңірек түсіндіріліп, білім алушылардың тарихи танымы кеңейеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Букенова С.С. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту // Әдіскер мұғалім. – 2015. - №4 (5). – 25 б.

2 Бидайбеков Е. Ы. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері/ Оқулық.– Алматы, 2014. -352 б.

3 Нұғысова А. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. / Оқу- әдістемелік құрал. Алматы: «Отан» баспасы, 2016. – 130 б.

4 Ахметова Г., Исаева З.Ә., Әлқожаева Н.С. Педагогика/Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 220 б.

5 Нурматова Г. Ж. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану тиімділігі // Педагогика – 2018. № 5(6). – 27 б.

6 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». - Астана, 2024.- 67 б.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •