МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Аннотация
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың нақты өмірлік жағдайларда математикалық білімін қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Интерактивті тақталар, білім беру платформалары, виртуалды симуляторлар, графикалық калькуляторлар мен арнайы мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану – оқушының ойлау қабілетін, логикасын және мәселелерді шешу дағдыларын дамытады. Автор оқыту процесінде цифрлық технологияларды қолданудың әдістемелік негіздерін және олардың функционалдық сауаттылыққа ықпалын сипаттайды.
Түйін сөздер: жаңа технологиялар, функционалдық сауаттылық, математика сабағы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), интерактивті оқыту, цифрлық білім беру, оқыту платформалары, логикалық ойлау
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Математикалық сауаттылық дегеніміз –математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.
Математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан, оқушылардың даярлығы, математикалық ұғымдарды қолдана білу деңгейлері стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері, ол білімдерді қолдану деңгейлері әртүрлі болады. Осы орайда математикалық сауаттылық моделін қарастырған жөн. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру- бүгінгі күннің басты талабы.
Әр пән мұғалімдері өзінің сабағында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу.
Білім беру жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білім берудің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша. Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды
Математикалық сауаттылық моделі шынайы әлем проблемаларын математикалық әлеммен ұштастыруға, тәжірибедегі мәселелерді пайымдай отырып, оның математикалық моделін құруға алғы шарт болып табылады.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
«Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.
Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.
Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:
· теорияны білу, оны логикамен ұштастыру
· есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу
· математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру,
· ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану.
Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп және мұғалімдер тек қана адал салиқалы еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығаруға міндеттіміз.
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу. Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді технология. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып тұжырым жасау. Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап естіген- білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.
Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін білімін жазбаша тексеру тәсілдерінің бірі семантикалық картамен жұмыс. Семантикалық картамен жұмысты жаңа сабақты бекіту мақсатында ұйымдастырылған тиімді деп ойлаймын.
Семантикалық карта көмегімен анықтамаларды, ережелерді, қасиеттерді тұжырымдау, сондай-ақ есеп шығару барысында қолдану іскерліктерін қалыптастырады. Мектепте жаңа буын оқулықтары бойынша математикадан сабақ беріп келемін. Оқулықтағы тапсырмалар деңгейлік тапсырмалар болып бөлінген .
Мұндағы І деңгей тапсырмалары: меңгерілген білімді үлгі бойынша пайдалана білу, ІІ деңгей меңгерілген білімді өзгертілген жағдайда қолдана білу, ІІІ деңгей шығармашылық,яғни математика оқулығындағы әр түрлі сұрақтар, есептер, оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылықпен ойлауын дамытатын, әр түрлі әдіс-тәсілдермен меңгертуге көмектеседі, яғни жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар реттілікпен сақталып берілген.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезінле алдымыздағы шәкірттің жан-жақты білімді, ой-өрісі кең болып шығуына ықпал ететін мұғалім екені түсінікті. Сабақта шығарылатын есептер оқушының ойлау қабілетін математика тілін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделе құрылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлемін. Деңгейлік есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни, шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады.
Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса, алға қойған мақсаттың шын орындалғаны.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Математика және физика » журналы №4, 2018 жыл
2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2020 ж.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. (2023). Орта білім беру ұйымдары үшін жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы.
4. Қараева, А. Б. (2021). Математика сабақтарында АКТ қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Білім беру кеңістігі, №4, 32–36 б.
5. Смағұлова, Н. С. (2022). Функционалдық сауаттылық: ұғымы, мазмұны және қалыптастыру жолдары. Педагогика және психология, №2, 12–18 б.
Ізмұрат Нұрберген Қуанышұлы
Ақтөбе қаласы Белогор негізгі мектебі
математика пәні мұғалімі
Тағы да оқыңыздар





















