31 қазанда «Білім берудегі жаңа трендтер» атты ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді
2026 жылғы 31 қазанда «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты ІІ дәстүрлі республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Іс-шараны «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен «BILIM MEDIA HOLDING» ЖШС-нің «Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы бірлесіп ұйымдастырады.
Конференцияға EDU-NEWS.KZ білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі ақпараттық қолдау көрсетеді.
Педагогтердің озық тәжірибелерін таратуға арналған кәсіби алаң
2026 жылғы 10 қазанда ұйымдастырылған І республикалық ғылыми-практикалық конференцияға еліміздің әр өңірінен 300 педагог пен білім беру саласының маманы қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік ізденістерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шараның жалғасы ретінде ұйымдастырылатын ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, заманауи педагогикалық идеяларды талқылауға және үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға бағытталған.
Жаңалыққа сілтеме: https://edu-news.kz/335-bilim-berudegi-zhaa-trendter.html
Конференцияның мақсаты – білім беру жүйесіндегі жаңа үрдістер мен инновациялық технологияларды талқылау, педагогтердің авторлық әдістемелерін таныстыру, кәсіби құзыреттілігін дамыту және тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасуға жағдай жасау.
Конференцияның негізгі бағыттары
o Заманауи білім беру трендтері және инновациялық технологиялар.
o Жасанды интеллект және цифрлық білім беру.
o Педагогтің кәсіби дамуы және үздік тәжірибе.
o Білім сапасы, функционалдық сауаттылық.
o Тәрбие жұмысы, «Адал азамат» құндылықтары.
o Инклюзивті білім беру және тең мүмкіндік.
Конференция материалдары халықаралық басылымда жарияланады
Конференцияға қатысушы педагогтердің баяндамалары, ғылыми-әдістемелік мақалалары, авторлық әзірлемелері мен тәжірибелік материалдары EDU-NEWS.KZ ақпарат агенттігінің «Арнайы жобалар» айдарында жеке-жеке жарияланады.
Сонымен қатар сараптамалық іріктеуден өткен материалдар «Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының конференция жинағына енгізіледі.
Жинақтың электрондық нұсқасы дайын болғаннан кейін қатысушыларға жарияланым сілтемесі жолданады.
Конференция жұмысының бейнежазбасын YouTube платформасында жариялау және қатысушыларға сілтемесін ұсыну жоспарланған.
Қатысушыларға берілетін құжаттар
Конференция аясында қатысу мәртебесіне және атқарған жұмысына сәйкес қатысушы сертификаттарырәсімделеді.
Баяндама жасаған спикерлердіңжәне ғылыми-әдістемелік материал ұсынған авторлардың қатысуын растайтын құжаттар (бұйрық, бағдарлама, анықтама, хаттама, сілтеме) нақты қызметіне сәйкес дайындалады.
Өтетін күні мен қатысу тәртібі
Өтетін күні: 31 қазан 2026 жыл
Уақыты: 11:00–14:00
Форматы: онлайн, Zoom платформасы
Деңгейі: республикалық
Материалдарды қабылдау мерзімі: 30 қазан 2026 жылға дейін.
Конференцияға мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері, бастауыш және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, колледж оқытушылары, әдіскерлер, педагог-психологтер, білім беру ұйымдарының басшылары мен басқа да білім саласының мамандары қатыса алады.
Ғылыми-әдістемелік мақалалар мен баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Материалдарды жіберу мекенжайы:
Байланыс телефоны:
+7 747 555 90 60
Конференцияға қатысу және материалдарды рәсімдеу мәселелері бойынша «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының мамандарына хабарласуға болады.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
«Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы;
«BILIM MEDIA HOLDING» орталығы;
«Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ:
EDU-NEWS.KZ – білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі.
Құрметті педагогтер!
Сіздерді ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, озық тәжірибелеріңіз бен тың педагогикалық идеяларыңызды ортаға салуға шақырамыз!




















