Тағылым» журналының 15 жылдық алтын қоры: үздік педагогикалық еңбектер және әдістеме
Биыл «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының қызметіне 15 жыл толып отыр. Осы кезеңде елімізге танымал басылым Қазақстанның барлық дерлік ауыл-аймақтарына таралды, 100 мыңнан аса педагог өз еңбектерімен сәтті бөлісті. Осыған орай 15 жылдық жұмысты қорытындылайтын «Тағылым» журналының 15 жылдық алтын қоры даярлануда.
Аталған 15 жылдық Алтын қор сериясының 1-ші бөлімі «Тағылым» журналының 15 жылдық алтын қоры: үздік педагогикалық еңбектер және әдістеме» атты тақырыппен жарық көреді.
Әр бөлімнің жұмысына республика педагогтары сарапшы және ұйымдастырушы ретінде қатысады. Ұйымдастырушылар редакция алқасының мүшесі ретінде бекітіледі.
Арнайы «Алтын қорға» материал жинақтау қазан айының 25 дейін жалғасады, редакция тарапынан іріктелінген авторларға ұсыныс-хат жіберу арқылы жүзеге асады.
Шығарылым аясында авторларға шығармашылық диплом, арнайы сертификат, Құрмет грамотасы және арнайы шығарылымның басылымдық нұсқасы беріледі.
Толық ақпарат алу үшін 8 (700) 025 9060, 8 (700) 025 9060 нөмірлеріне хабарласу керек.