«Түркістан облысы педагогтарының 2024-2025 оқу жылындағы үздік педагогикалық тәжірибелері» республикалық әдістемелік шығарылымы
«Ұлы Дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналының редакциясы 1 жылдық ғылыми-әдістемелік жұмысты қорытындылайтын «Түркістан облысы педагогтарының 2024-2025 оқу жылындағы үздік педагогикалық еңбектері» атты әдістемелік шығарылымға материалдар қабылдайды.
Ол бойынша әр тақырыптық бағыт бойынша 100 үздік ғылыми-әдістемелік мақала, баяндама және эссе іріктелініп алынады, облыстың үздік педагогтарын сарапшы ретінде тарту көзделіп отыр.
«Ұлы Дала ұстазы» Халықаралық журналы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті ұйымдастырған 2024 жылы үздік педагогикалық тәжірибені жариялау үшін ұсынылған басылымдар тізіміне енгені белгілі.
Әр айдар бойынша «Үздік автор» номинациялық дипломы беріледі, «EduNews.kz»ақпараттық агенттігінің «Мақалалар» айдарында материалы жарық көріп, көп оқылған жағдайда Алғыс хат беріледі.
Республикалық деңгейде таратылатын жинаққа облыс педагогтарының үздік деп танылған ғылыми-әдістемелік мақалалары, конференция мен семинар жұмыстары, баяндамалары, фоторепортажы және видеотүсірілімдері бар инновациялық сабақтары, мастер-класстары қабылданады.
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті, https://wa.me/7475559060