«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНДТЕР»

12:43, 12.10.2026 748
EDU-NEWS.KZ – білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТРЕНДТЕР: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР МЕН ДАҒДЫЛАР, ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР» АТТЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

   2026 жылғы 10 қазанда «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен «BILIM MEDIA HOLDING» ЖШС-нің «Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының ұйымдастыруымен, EDU-NEWS.KZ білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігінің ақпараттық қолдауымен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты І республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

   Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер, педагог-психологтер және білім саласының мамандары қатысты.

   Конференцияның негізгі мақсаты – білім беру жүйесіндегі заманауи педагогикалық идеяларды насихаттау, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік жасау.

   Конференция жұмысы сегіз бағытты қамтыды. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті, математика және жаратылыстану ғылымдары, шет тілдері, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру, информатика және цифрлық технологиялар, өнер мен дене шынықтыру, педагогика, психология және білім беруді басқару бағыттары бойынша баяндамалар ұсынылды.

   Іс-шара барысында секциялардың жауапты спикерлері өздерінің ғылыми-әдістемелік баяндамаларын ұсынып, білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді әдістер мен тәжірибелік жұмыстарын таныстырды. Қатысушылар арасында кәсіби пікір алмасу ұйымдастырылып, өзекті педагогикалық мәселелер талқыланды.

   Конференция аясында ұсынылған педагогтердің ғылыми-әдістемелік мақалалары мен баяндамалары EDUNEWS.KZ ақпарат агенттігінің ресми сайтында жариялануда. Конференция материалдары сараптамадан өткізіліп, «Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының конференция жинағына енгізу жұмыстары жүргізілуде.

   Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұйымдастырушылық құжаттар рәсімделіп, қатысушыларға сертификаттар беру қарастырылған.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ РЕСМИ ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР

  1. АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
    https://disk.yandex.ru/i/xyduZ2G02_RPQA

  2. БҰЙРЫҚ
    https://disk.yandex.ru/i/F53h2iK-dGUdlQ

  3. КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
    https://disk.yandex.ru/i/Wk0Tzgoo340pew

  4. ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМА
    https://disk.yandex.com/d/1cSFgbaELJiJXg

  5. КОНФЕРЕНЦИЯ ХАТТАМАСЫ
    https://disk.yandex.ru/i/3jx7Qo_NFc73jA

  6. КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
    https://disk.yandex.com/i/tk1SrNG4OJJfQQ

  7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ
    https://disk.yandex.com/d/qzT5Dnpog3qUyA

  8. РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
    https://disk.yandex.com/i/Zy9uu5ZETcNxBw

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БЕЙНЕЖАЗБАСЫ

Конференцияның ZOOM платформасында өткен бейнежазбасын YouTube желісінен көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=OMOsJ_QHODw


ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

   Құрметті педагогтер, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторлары!

   2026 жылғы 31 қазанда «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» тақырыбындағы ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн форматта өткізіледі.

Whatsapp топқа сілтеме: https://chat.whatsapp.com/CX3PsHK2oPr1Dai2KQrElDм

Электрондық пошта:dala.ustazy@gmail.com

   Конференцияның кезекті кезеңінде педагогтердің инновациялық идеялары, заманауи оқыту технологиялары, цифрлық білім беру құралдары және озық педагогикалық тәжірибелері талқыланады.

   Конференцияға қатысуға және ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынуға ниетті педагогтер ұйымдастырушыларға хабарласа алады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

«Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы

«BILIM MEDIA HOLDING» ЖШС
«Ұлы Дала Ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы

АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ:

EDUNEWS.KZ – білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •