SMART ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛЫ

Арнайы жобалар 17:41, 10.10.2026 8
Калибаева Гульнара Советовна

Аннотация:

Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі заманауи әдіс – SMART оқытудың мазмұны мен маңыздылығы қарастырылады. SMART оқыту – білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне бағытталған, нақты мақсаттар қою арқылы нәтижеге қол жеткізуді көздейтін инновациялық педагогикалық тәсіл. Бұл модель оқушының белсенділігін арттырып, дербес жұмыс жасауына, өз оқу процесін саналы түрде басқаруына мүмкіндік береді. Мақалада SMART оқытудың қағидалары, құрылымы және оны білім беру процесінде тиімді қолдану жолдары талданады. Сондай-ақ, бұл тәсілдің дәстүрлі оқытудан артықшылығы мен педагогтың кәсіби рөліндегі өзгерістер сипатталады.

Кілтті сөздер: SMART оқыту, білім беру, жаңа парадигма, мақсатқа бағытталған оқыту, заманауи педагогика, оқыту технологиясы, оқушы белсенділігі, нәтижеге бағытталған білім

Кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы білім беру жүйесінің сапасына тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі мектептің басты міндеті – заман талабына бейімделген, шығармашыл, сыни ойлайтын, цифрлық ортада еркін әрекет ете алатын тұлға қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуы, ең алдымен, педагогтің кәсіби құзыреттілігіне, инновациялық технологияларды тиімді пайдалануына және үздіксіз өзін-өзі дамытуына тәуелді.

Қазіргі мұғалім тек білім жеткізуші емес, оқушының танымдық әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы және оқу үдерісінің көшбасшысы болуы тиіс. Ол жаңа педагогикалық идеяларды меңгеріп, білім беру тәжірибесіне енгізе алатын, өзгермелі ортаға бейімделген кәсіби маман ретінде үнемі ізденіс үстінде болғаны маңызды. Мұғалімнің кәсіби дамуы оның сабақтарының сапасына, оқушылардың оқу жетістіктеріне және білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал етеді.

Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында дәстүрлі оқыту тәсілдерімен қатар оқытудың инновациялық технологияларын тиімді қолдану ерекше маңызға ие. Солардың бірі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология оқу материалын жүйелі меңгеруге, оқушылардың өздігінен білім алуына және оқу әрекетін саналы жоспарлауына мүмкіндік береді. Сабақтың басында оқушылар оқу мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен және орындалатын тапсырмалармен танысады. Соның нәтижесінде олар өз оқу әрекетін жоспарлап, оқу жетістіктерін бағалауға үйренеді.

Модульдік оқыту оқушылардың бірлескен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Топтық және жұптық жұмыстар барысында олар өз пікірін дәлелдеп айтуға, өзгелердің көзқарасын тыңдауға, ортақ шешім қабылдауға және өзара бағалау жүргізуге дағдыланады. Мұндай оқу ортасы оқушылардың коммуникативтік қабілетін, жауапкершілігін және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл технология оқытуды саралауға кең мүмкіндік береді. Оқушылардың білім деңгейі, қабілеті және оқу қарқыны ескеріліп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Нәтижесінде әр білім алушы өз мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасап, жеке оқу траекториясын қалыптастырады. Бұл олардың оқу мотивациясын арттырып, білім сапасының жоғарылауына ықпал етеді.

Қазіргі білім беру саясатының негізгі мақсаты – оқушылардың тек пәндік білімін қалыптастыру ғана емес, олардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік қабілетін, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзыреттіліктерін дамыту. Сондықтан сабақ барысында оқушыларды ақпаратты іздеуге, талдауға, салыстыруға, қорытынды жасауға және білімді тәжірибеде қолдануға бағыттайтын әдістерді пайдалану маңызды.

Цифрландыру үдерісі білім беру саласына да жаңа талаптар қойып отыр. SMART технологиялар, цифрлық білім беру платформалары, жасанды интеллект құралдары және интерактивті ресурстар оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл құралдар оқу материалын көрнекі ұсынуға, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, жедел кері байланыс ұйымдастыруға және оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге олар мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білім алушылардың оқу жетістіктерін тиімді бақылауға жағдай жасайды.

Қазіргі білім беру кеңістігі оқушының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырумен қатар, оның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға да бағытталған. Осы екі бағыттың үйлесімді жүзеге асуы нәтижесінде ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, ақпараттық қоғамда еркін әрекет ете алатын, өмір бойы білім алуға дайын тұлға қалыптасады.

Осылайша, білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогтің кәсіби шеберлігі мен инновациялық қызметі ерекше маңызға ие. Заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану, цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен енгізу және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқыту – сапалы білім берудің негізгі алғышарттарының бірі болып табылады.

Жаңа білім ортасы білім берудің жаңа мазмұнынан, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жаңа технологиялары мен теориялық ойлауға қабілетті және өз бетінше жетілуге ұмтылған шығармашылық зерттеу қызметіне дайын оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбиелік үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларынан тұрады. Осы салада басты рөлді тек қана оқу үдерісі емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен жабдықталған білім беру ұйымдарының жүйесі мен ақпараттық- коммуникациялық құралдардың қолданылуы маңызды.

Қазіргі таңда оқу үдерісін ақпараттық-коммуникациялық құралдарсыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту белсенді болып келеді. Мобильдік құрылғылар, интернет желілері өмір сүрудің де қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі болып кірігіп кетті. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттыруда. Адам үйде отырып-ақ, белгілі бір кәсіппен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Осы тұрғыда, бүгінгі таңда цифрлық қоғам белсенді түрде қалыптасып, дамып, электронды оқыту, электронды денсаулық сақтау, электронды ғылым т.б. ұғымдармен сөздік қор толықты. Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар – «Smart», «Smart education», «Smart learning» ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. «Smart education» немесе «Smart learning» ұғымдары көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолданылуда. «Smart education» ұғымының мағынасы қандай? Сөздің түбірі «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт – бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы – парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Осы сұраққа кең көлемде жауап беру үшін білім беру жүйесіндегі бағыттардың дамуын қарастырған орынды. Бұл бағыттарды үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде, яғни «өткен шақта» оқушы үшін жалғыз білім көзі мұғалімнің өзі болып, мұғалімнің кеңесімен оқушы жаңа білімдерді аудиторияда немесе әр түрлі оқулықтар көзінен ала алатын болды. Екінші кезең, яғни «қазіргі кезде» білім тек мұғалімнен оқушыға беріліп қана қоймай, оқушыдан оқушыға да беріледі, ал бұл білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде білім беру технологияларын жетік меңгеріп, мұғалімдер білімді аудиториядан тыс уақытта да ұсына алады. Ал «келешекте» оқушы үшін негізгі білім көзі интернет болады, технологиялар тұлғаға бағдарланады және жаңа білімді құруға бағытталады.

Осы орайда «Smart оқыту жүйесі қандай нәтиже немесе мүмкіндік тудырады?» деген сұрақ туындайды. Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың, өскелең ұрпақтың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке көшуге мүмкіндік береді. Smart оқыту мақсатқа және үздік нәтижеге талпынуды болжайды. Мақсатты дұрыс қоя білу – бұл жетістіктің жартысы. Smart – мақсаты да осындай, әр әрпі, сөзі бір бағытты көрсетеді:

S – Self Directed (өзін-өзі оқытуға бағдарланған)

M – Motived – (белсенді танымдық іс-әрекетті негіздейді)

A – Adaptive – (білім беру субъектісіне бейімделген)

R – Resourse Free – (білім беру ресурстарына еркін қолжетімділігі бар)

T – Technology Embedded – (технологиялармен қамтамасыз етіледі)

Smart education – бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған білім беру ұйымдары мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі, яғни, бұл контентті бірлесіп құру және оны пайдалану, бірлесіп оқыту деген мағынаны білдіреді. Жаңа Smart- қоғамның моделі деген бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық, жайлы ортасын құру. Сонымен қатар Smart education немесе «ақылды оқыту» – бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні – білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты – білім беру үдерісін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту үдерісін тиімді ету. Мұндай тұрғыда мұғалімнің білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады.

Smart оқыту – білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстан да Smart оқытуға назарын аударды. Қазіргі таңда әлемнің түкпір- түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертуде. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз «грифельді» тақталар, күшейткіш аудиожүйелер т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді.

Smart оқытуды төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге болады:

·Барлық білім беру ұйымдарын SMART құрылғылармен қамтамасыз ету;

·SMART құрылғылармен жұмыстануға оқытушының, мұғалімнің арнайы дайындығы және оны меңгеруі;

·Осы бағыттағы бағдарламаларды толық іске асыру.

Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін «smart learning» оқыту ортасын дамытып, оқушылардың интеллектісін дамытуда және оқытудың келешегінің бір бағыты инновацияда екенін түсіну керек.

Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тұрғынбаева Б.Ә. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Алматы: Мектеп, 2022.

2. Қараев Ж.А. Интерактивті оқыту технологиясы – оқушылардың оқу мотивациясын арттыру құралы ретінде. // Білім әлемі, №3, 2023.

3. Trilling, B., & Fadel, C. (2009). 21st Century Skills: Learning for Life in Our Times. – San Francisco: Jossey-Bass.

Калибаева Гульнара Советовна

Ақтөбе қаласы

 «Атамекен мектебі» ЖШС

информатика пәні мұғалімі

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •