ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ

Арнайы жобалар 12:21, 10.10.2026 7
Тоқтар Ақдана Есмырзақызы

 

Оқушы «сыйластық», «жауапкершілік», «адалдық» сөздерінің анықтамасын жатқа білуі мүмкін. Бірақ сол сөздерді іс арқылы көріп, өз елегінен өткізбесе сол әдемі сөз қалпында қала берері хақ. Сондықтан өз тәжірибемде ұлттық құндылықтарды тәрбие сағаттарында ғана емес, күнделікті сабақ кезеңінде де байланыстыруға көңіл бөлемін.

Бастауыш мектеп – балаға оқу, жазу, сызумен ғана шектелетін уақыт емес. Осы жаста оның айналасына, отбасына, туған жеріне деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Мұғалімнің айтқан сөзі, сыныптастарының іс-әрекетң, оқыған шығарма, шығарылған есеп барлығы – бала бойына өз қолтаңбасына қалдыратыны сөзсіз.Осыны ескерсек, ұлттық тәрбие мен білімді бір-бірінен бөліп қарастыру дұрыс емес деп ойлаймын.

Мен үшін ұлттық құндылықтарды сабаққа кіріктіру дегеніміз – әр сабаққа міндетті түрде ұлттық бұйымның суретін орналастыру немесе салт-дәстүрдің атауын қосу емес. Ең бастысы – тапсырманың мазмұны арқылы баланы ойландыру. Мысалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, еңбексүйгіштік, адалдық, туған жерге жанашырлық сияқты қасиеттерді оқушы нақты жағдаяттар арқылы жақсы түсінеді.

Қазақ тілі сабағында мұндай жұмысты мәтін құрастырудан бастауға болады. Бір сабақта оқушыларға «Менің отбасымдағы жақсы дәстүр» тақырыбында бірнеше сөйлем құрастыруды ұсынамын. Балалардың жауаптары әралуан. Бірі демалыс күні ата-әжесімен уақыт өткізсе, екіншісі отбасымен тамақ жасау,бірі отбасымен тауға серуендеуі мүмкін, тағы бірі үйдегі үлкендерге көмектесетінін жазады. Бұл тапсырмада оқушы сөйлем құрауды үйренеді және одан да үлкен терең сакралды дүниені де бойына сіңіреді. Ол өз отбасындағы қалыпты әрекеттің де белгілі бір тәрбиелік мәні бар екенін түсіне бастайды.

Сөздік жұмысында да тек сөзді жаттатпай, сөзді бала бойына сіңіріп, өмірінде өз сөздігіне қосып сөцлеуіне де мән беремін.. Мысалы, «қамқорлық» сөзін өткен кезде «Сен кімге қамқорлық жасадың?», «Саған кім қамқор болады?» деп сұрауға болады. Осындай сұраққа жауап бергенде бала жаңа сөздің мағынасын өз тәжірибесі арқылы түсінеді.

Әдебиеттік оқу сабағында ұлттық тәрбиеге мүмкіндік одан да көп. Әр шығарманы, ертегі болсын, мазмұндама немесе аңыз-әңгіме болсын, мақсатым тек оқыту емес, жақсысын алу, бойына өткізу.«Саған кейіпкердің қай ісі ұнады?», «Ол дұрыс әрекет жасады ма?», «Сен оның орнында болсаң не істер едің?» деген сұрақтар балаларды қызықтырады. Кейде бір әрекетке қатысты оқушылардың пікірлері сан алуан. Осындай сәтте олардың бір-бірін тыңдай отырып, басқаның пікірін тыңдауығ оның да ойын сыйлауы – бұл да бір құндылық.

Құндылықтардың қайнар көзі - мақал-мәтелмен жұмысты да осы бағытта қолдануға болады. Мысалы, еңбек туралы мақалдың жалғасын тапқаннан кейін оның мағынасын сұрап, өмірден мысал келтіруді ұсынамын. Балалардың жауабы міндетті түрде бірдей болуы шарт емес. Керісінше, өз түсінігімен айтқан жауабы арқылы оның мақалды өз пайымына сай талдағанын байқауға болады.

Ұлттық мазмұнды математика сабағына да енгізуге мүмкіндік бар. Дегенмен мұнда тапсырманың негізгі математикалық мақсаты жоғалып кетпеуі керек. Мысалы, санау тақырыбында асықтарды, өрнектерді, оюларды немесе күнделікті тұрмыста кездесетін заттарды пайдалануға болады. Есептің шартын ауыл өмірімен, отбасымен, табиғатпен байланыстырып құрастыру да балаға жақын келеді.

Оқушылардың өздеріне есеп құрастырту тәсілін жиі қолдануға болады. Мысалы, бірнеше заттың суретін көрсетіп, сол бойынша есеп ойлап табуды ұсынамын. Бір оқушы қосуға, екіншісі азайтуға есеп құрастырады. Бұл жерде баланың математикалық білімімен бірге сөздік қоры, ойлау қабілеті және өз ойын жеткізу дағдысы қатар дамиды.

Дүниетану сабақтарында туған өлке тақырыбы оқушыларға ерекше жақын. «Туған жер» деген ұғымды жалпы түсіндіргеннен гөрі, өз ауылы, көшесі, мектебі немесе отбасымен байланысты тапсырма берген тиімді. Мысалы, «Біздің ауыл несімен ерекше?», «Туған жерің көрееюі үшін қандай қызметтер атқаруға болады?» деген сұрақтарға бастауыш сынып оқушысының өзі де нақты жауап бере алады.

Осындай сабақтардың бірінде балаларға өздері тұратын жер туралы білетін үш мәліметін жазуды ұсынуға болады. Кейбір оқушы табиғаты туралы айтса, енді бірі ауылдағы белгілі орындарды атайды. Үйден қосымша ақпарат сұрап келген балалардың әңгімесі тіпті қызықты болады, өйткені көнекөз қариялар ауылдың тарихын терееңнен толғап, бала жақсы ақпараттар алып келетініне сенімдімін. Осы кезде бала туған жер туралы білімді тек оқулықтан алмайтынын, оның жанында да зерттеуге болатын дүние көп екенін түсінеді.

Мен сабақта жағдаяттық тапсырмаларды да тиімді деп санаймын. Мысалы: «Үзілісте сыныптасыңның түсіп қалған теңгесін тауып алдың. Не істейсің? Қандай әрекет етесің?» немесе «Сыныпқа жаңадан келген оқушы ешкіммен сөйлеспей отыр. Сенің әрекетің қандай болады? Қалай көмектесуге болады?» деген қарапайым сұрақтардың өзінен қызықты әңгіме басталады. Бір қарағанда бұл ұлттық тәрбиеге тікелей қатысы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ адалдық, бауырмалдық, сыйластық сияқты халқымыздың тәрбиесінде маңызды орын алған қасиеттер дәл осындай күнделікті әрекеттерден көрінеді.

Тәжірибеде байқаған тағы бір мәселе – балаға дайын жауапты көп ұсынбау керек. «Үлкенді сыйлау керек», «Туған жерді қорғау керек» деген сөйлемдерді оқушы бірнеше рет естіген. Ал «Неліктен?», «Қалай?», «Өзің не істей аласың?» деген сұрақ қойылған кезде ол өз ойын айтуға мәжбүр болады. Меніңше, құндылықтың мәнін түсіну дәл осы жерден басталады.

Топтық жұмыста да осы бағытты жалғастыруға болады. Бір топқа отбасыдағы сыйластық, екінші топқа достық, үшінші топқа туған жерге қамқорлық туралы шағын жағдаят беруге болады. Балалар мәселенің шешімін өздері ұсынады. Мұнда мұғалімнің міндеті – «дұрыс жауапты» бірден айтып беру емес, олардың пікірін тыңдап, қажетті жерде бағыттау.

Ұлттық тәрбие мәселесінде отбасының орны ерекше. Кейбір тапсырманы отбасы мүшелерімен мысалы: ата-анамен немесе ата-әжемен бірге орындауға бергенде оқушылар ерекше қызығушылық танытады. Мәселен, үйдегі ересектердің бірінен оның бала шағындағы сүйікті ойыны, ата- анасы, отабсы туралы сұрау, оның сүйікті пәніні білу, өмір жолына үңілу бала үшін қызық, әрі жас пен кәрі адам арасындағы мығыз көпір болары сөзсіз.Бірақ бала мен үлкен адамның әңгімелесуіне себеп, әрі ортақ тақырып та пайда болары кәміл.

Қазіргі балалар альфа ұрпақ, олар жан жақты циярланған қоғамда өмір сүреді, сүріп келеді.. Сондықтан ұлттық мазмұнды тек дәстүрлі әдістермен берумен шектелудің қажеті жоқ. Интерактивті тапсырма, құндылыққа бағытталған ЖИ тапсырмалар, ұлттық құндылық форматында жасалған мықты вайбкодинг ойыны барлығы бала бойына құнлықыты, ұлттық құнылықты сіңіруге көмекші құра болып табылады. Бірақ қандай технология қолдансақ та, негізі мақсат – оқу мақсаты, сабақ мақатын ашу болып келеді. Әдемі безендірілген тапсырмадан бұрын баланың не үйренетіні және қандай ой түйетіні маңызды.

Өз тәжірибемде ұлттық құндылықтарды кіріктіру кезінде менің ұстананын алтын қағидам – баланы өзгемен салыстырмау, оның өз бетінше жеке, тәуелсіз тұлға екенін үнемі, үздіксіз жадымда ұстаймын. Баланың досына көзқарасы, сыныптастарымен қарым-қатынасы, оның мірлік позициясы барлығын ой елегінен өткізе отырып, бала үшін қандай құндылықты бойына сіңірем, барлығын ойға түйіп жүремін.

Сонымен қатар мұғалімнің жеке үлгісі ерекше маңызды. Балаға үйрете отырып, ол аталаған құндылықтың өз бойымда да табылуы керек емес пе? Өзім шыдамсыз немесе кітап оқуға құлықсыз болып, балаға «оқы,тәрбиелі бол» деу ауаға шашылған энергия мен күш деп есептеймін. Баланы тәрбиелеу арқылы күнсайын, әр уақытта әр ұстаз өзінде тәрбиелейді.

Қoрыта келе, ұлттық құндылықтарды бастауыш білім мазмұнына кіріктіру үшін міндетті түрде күрделі жoба қажет емес деген oйдамын. Кейде дұрыс қойылған бір сұрақ, баланың өміріне жақын есеп, отбасынан сұрап келген шағын әңгіме немесе сабақтағы қарапайым жағдаяттың өзі үлкен тәрбиелік жұмыс атқарады. Үздіксіз атқарылған жұмыстың түптің түбінде нәтиже беретініне мен сенімдімін.

Бастауышта қаланған фундамент – баланың бар өмірінің негізі болып табылады.. Сондықтан біздің міндетіміз – ұлттық мұраны өткеннің белгісі ретінде ғана таныстыру емес, оның біздің және оның өмірінің болашағымен астасып жатқанын түсіндіре білу керек.Өз отбасын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін, еңбекті бағалайтын, жауапкершілігі мол бала тәрбиелеу – ұлттық құндылықтарды біліммен ұштастырудың ең маңызды нәтижесі деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

3. Бастауыш білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламалары.

4. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік ұсынымдар

Тоқтар Ақдана Есмырзақызы

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №3 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •