Инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Нукушева Гульжан Интикбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарағанды облысы білім басқармасының
Қарағанды қаласы білім бөлімінің
«Шоқан Уалиханов атындағы ЖББМ» КММ
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарынасай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемелінекеліп өркендеуі үшін, ең алдымен азаматтық бен білім керек» депкөрегендікпенШоқан Уалиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндейетіп дайындауға – әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгінарқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру, лардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушыныңжеке басының интеллектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Бұлар щқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады», - деп В. Сухамлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесіндеғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тындайды, қабылдайды, ойлайды, тағы басқа таным әрекеттерін жасайды.
«Жүз рет істігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздердіескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялықпроекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
· оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
· танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
· этно педагогикалық тәрбие береді;
· оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
· оқытушының уақытын үнемдейді;
· қосымша мәліметтер береді.
Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
· барлық баланы оқыту;
· оқутәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
· білім берудің формасын оңайландыру міңдеттерін атқару;
· оқушының жеке қабілетінайқындау, іздену.
Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткірсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздін тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдауға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызызор деп ойлаймын:
· оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
· оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
· ізденуге жетелейді, қызықтырады;
· талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
· өзіндік пікірі қалыптасады.
Біз ұстаздар қауымы қандай да болсасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – ӘОқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудынң тиімділігіне тоқталсам. Мұнда әр оқушының ойы шындалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:
· қызығушылықты ояту;
· мағынаны тану;
· ойтолғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратының атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдынғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам? » және «Оқушы не ұтады? » деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын оқытушы жүзіге асырады.
Осы кезеңде «Түртіп алу кестесі» бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады.
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады.
қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға жіне шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мқндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.
Оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектеседі. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады.
Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере, білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын - ұстаз.
Сын тұрғысынан ойлау-шығармашылық ойлау. СТО бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ жоспарын құруда және оны өткізуде өте қолайлы. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында көп ізденеді және оқушыны да өз бетімен ізденуге дағдыландырады. Оқушы мектеп бағдарламасындағы тақырыпты толығырақ зерттейді, қорытынды шығарады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осы технологияның өзіндік пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.




















