ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ ЖҰМЫСЫНДА ABLLS-R ПРОТОКОЛЫ АРҚЫЛЫ ЕРЕКШЕ БАЛАҒА ЖЕКЕ МАҚСАТ ҚҰРУ: ЖАҢА ТРЕНДТЕР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

Арнайы жобалар 17:30, 10.10.2026 10
Конабаева Нурсауле Мырзагалиевна

ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ ЖҰМЫСЫНДА ABLLS-R ПРОТОКОЛЫ АРҚЫЛЫ ЕРЕКШЕ БАЛАҒА ЖЕКЕ МАҚСАТ ҚҰРУ: ЖАҢА ТРЕНДТЕР МЕН ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

Аннотация

Мақалада педагог-ассистенттің инклюзивті сыныптағы ерекше балалармен жұмысындағы ABLLS-R протоколын қолдану тәжірибесі баяндалады. ABLLS-R арқылы баланың базалық сөйлеу және оқу дағдыларын бағалап, жеке даму бағдарламасына (ИПРР) нақты, өлшенетін мақсаттар қою жолдары көрсетілген.

Кіріспе

Инклюзивті сыныпта педагог-ассистенттің жұмысы жоспарсыз, мақсатсыз болмауы керек. Бұрын біз балаға жалпы «сөйлеуін дамыту» деп мақсат қоятынбыз. Бұл – өлшенбейді, нәтижесі көрінбейді. Қазіргі жаңа тренд – ғылыми негізделген бағалау құралдарымен жұмыс істеу.Менің жұмысымның басы – осы суреттегі *ABLLS-R® кітабы* болды. Бұл – доктор Джеймс Партингтон (Ph.D, BCBA-D) жасаған базалық сөйлеу және оқу дағдыларын бағалау протоколы. Ол РАС және дамуында ерекшелігі бар балалардың 25 сала бойынша 544 дағдысын бағалауға арналған.

Негізгі бөлім

Басы осымен басталды: ABLLS-R арқылы бағалаудан мақсат құруға дейін.ABLLS-R протоколы екі бөліктен тұрады: бағалау протоколы және басшылық. Ол баланың дағдысын тек «біледі / білмейді» деп емес, 0-ден 4 баллға дейін бағалайды. Бұл – педагог-ассистентке өте ыңғайлы, себебі динамиканы түрлі-түсті графикпен көруге болады (жыл басы – жасыл, жыл соңы – қызыл).

Протокол 25 саланы қамтиды, менің тәжірибемде ең жиі қолданатыным:

A. Ынтымақтастық және мадақтау тиімділігі

B. Көру арқылы қабылдау

C. Рецептивті тіл (түсіну)

D. Моторлық еліктеу

E. Вокалды еліктеу

F. Манд – сұрау дағдысы

G. Такт – атау дағдысы

H. Интравербал – диалог дағдысы

J. Әлеуметтік дағдылар және т.б.

Осы протокол бойынша бағалаған соң, баланың дефициті анық көрінеді. ABLLS-R ережесі бойынша ИПРР үшін 20-30 мақсат таңдалады, ол – баланың ең жақын даму аймағындағы дағдылар болуы керек.

Педагог-ассистент ретінде мен осы кітапты пайдаланып қалай мақсат құрамын? Үздік тәжірибем:

1-мысал. Оқушым Али, 8 жаста, РАС.

ABLLS-R бойынша бағаладым:

- A-шкала (Ынтымақтастық) – 2 балл (үстелде тек 1 минут отырады)

- C-шкала (Рецептивті тіл) – бір қадамды нұсқауды орындай алмайды.

Осыдан шыққан SMART мақсаттарым:

Мақсат 1 (A8): Али мадақтау арқылы үстелде 5 минут отырып, 3 тапсырманы орындайды. Көмек – жеңіл физикалық бағыттау. Критерий – 4 мүмкіндіктің 3-еуінде 3 күн қатарынан.

Педагог-ассистенттің әрекеті: визуалды таймер қою, жетон жүйесін қолдану.

Мақсат 2 (C12): «Ал, қой» деген екі қадамды нұсқауды 10 жағдайдың 8-інде орындайды.

Педагог-ассистенттің әрекеті: сабақ үстінде мұғалім нұсқауын қайталап, суретті нұсқаулықпен сүйемелдеу.

2-мысал. Оқушым Дильназ, 7 жаста, ЖСТД.

ABLLS-R бойынша F-шкала (Манд) – 0 балл, яғни сұрау дағдысы жоқ, жылау арқылы жеткізеді.

Мақсат (F3): Суретті карточка (PECS) немесе «берші» сөзін қолданып, қалаған затын сұрайды.

Педагог-ассистенттің әрекеті: үзілісте, сабақта Дильназдың қалаған затын бірден бермей, сұрауды күту, үлгі көрсету.Осылайша ABLLS-R маған «жалпы дамыту» емес, нақты, өлшенетін мақсат қоюға үйретті. Әр 6 ай сайын қайта бағалау жасап, графиктен өсу динамикасын ата-ана мен мұғалімге көрсетемін. Бұл – «Білім берудегі жаңа трендтер» талап ететін дәлелді педагогика (evidence-based practice).

Қорытынды

ABLLS-R кітабы педагог-ассистенттің қолындағы ең қуатты құрал екенін түсіндім. Ол арқылы біз болжаммен емес, баланың нақты дағдысына сүйеніп мақсат құрамыз. Педагог-ассистент – мақсатты қағазға жазатын емес, сол мақсатты сыныпта, үзілісте, асханада күнде жүзеге асыратын адам. Бір баланың кеше ғана жылап сұраған затын бүгін «апа, берші» деп сұрауы – ABLLS-R арқылы қойылған дұрыс мақсаттың нәтижесі.

Әдебиеттер:

1. Партингтон Дж. ABLLS-R. Оценка базовых речевых и учебных навыков. Протокол. – Behavior Analysts, Inc., 2006. – 544 навык.

2. Сандберг М.Л., Партингтон Дж.В. ABLLS-R Руководство. – 2006.

3. Ералиева С.Ж. Ерекше білім беру психологиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2022.

Конабаева Нурсауле Мырзагалиевна

Подстепный #1 ЖОББМ

Педагог - ассистент

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Теректі ауданы

Подстепный ауылы

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •