«Компьютерлік графика» курсын оқыту тәжірибесі
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Торыбаева Гульжахан Ауесхановна
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
№167 жалпы білім беретін мектептің
информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, барлық салада кеңінен қолданылуда. Осы орайда, компьютерлік графика – ақпаратты көрнекі түрде ұсынудың, шығармашылық ойды жүзеге асырудың және түрлі салаларда тиімді жұмыс істеудің маңызды құралына айналды. Компьютерлік графика тек кәсіби дизайнерлер мен бағдарламашылар үшін ғана емес, мектеп оқушылары үшін де пайдалы және қызықты бағыт болып табылады.
«Компьютерлік графика» элективті курсы 5-сынып оқушыларына осы сала туралы алғашқы мағлұмат беруді, графикалық редакторлармен жұмыс істеуді үйретуді және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсат етеді. Бұл курс барысында оқушылар сурет салу, пішіндермен жұмыс істеу, түрлі графикалық тапсырмаларды орындау арқылы өз ойларын көркем түрде жеткізуге дағдыланады. Курс қарапайым деңгейден басталып, біртіндеп күрделене түсетін тапсырмалар арқылы оқушының қызығушылығын оятып, логикалық және көркемдік ойлауын дамытады. Сонымен қатар, оқушылар заманауи цифрлық ортада қауіпсіз және саналы әрекет ету дағдыларын меңгереді. Бұл курс баланың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, болашақта ақпараттық технологиялар саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Курстың өзектілігі: Қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар күнделікті өміріміздің барлық саласына еніп отыр. Цифрлық сауаттылық – заманауи адамның маңызды құзыреттіліктерінің бірі. Компьютерлік графикамен жұмыс істеу – тек ІТ мамандығына ғана емес, жалпы шығармашылық, дизайн, инженерия, жарнама, білім беру сияқты көптеген салада қажет. 5-сынып оқушыларына арналған бұл курс олардың көркемдік және техникалық дағдыларын үйлестіре отырып дамытуға бағытталған.
Курс барысында оқушылар растрлық және векторлық графика түрлерімен танысады, Paint, Tux Paint, Canva секілді бағдарламаларда жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, олар логотип, постер, ашықхат, презентация, иллюстрация сынды визуалды контент түрлерін өз бетінше жасайды.
Сабақтар теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, оқушының визуалды ойлауын, эстетикалық талғамын, көркемдік қабылдауын дамытады. Оқушылар өз жұмыстарын қорғау арқылы коммуникация дағдыларын, жобалық жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру қабілеттерін жетілдіреді.
Бұл курс ІТ, дизайн және көркем еңбек пәндерімен пәнаралық байланыста оқытылады және оқушыны болашақ цифрлық әлемге дайындайтын маңызды негіз қалайды.
Курстың мақсаты: Оқушыларды компьютерлік графика негіздерімен таныстыру, графикалық редакторларда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Курстың міндеттері:
- Компьютерлік графика ұғымын және оның түрлерін меңгерту, растрлық және векторлық графика арасындағы айырмашылықты түсіндіру;
- Графикалық редакторлармен (Paint, Tux Paint, Canva, т. б. ) жұмыс істеуді үйрету және шығармашылық жобалар арқылы визуалды ойлауды дамыту;
- Ақпараттық қауіпсіздік пен авторлық құқық туралы түсінік қалыптастыру.
«Компьютерлік графика» элективті курсы жалпы білім беретін пәндер шеңберінен шығып, оқушылардың цифрлық шығармашылығын дамытуға бағытталған. Курстың жаңашылдығы төмендегі ерекшеліктер арқылы көрініс табады:
1. Цифрлық сауаттылық пен шығармашылықты ұштастыру. Курс мазмұны тек техникалық дағдыларды меңгерумен шектелмей, оқушылардың креативті ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Графикалық тапсырмалар арқылы балалар өз идеяларын еркін түрде бейнелеуге үйренеді.
2. Практикалық бағыттылық. Теория мен практиканы ұштастыра отырып, оқушылар нақты нәтижеге қол жеткізетін тапсырмаларды орындайды. Мысалы, өздерінің сандық суреттерін, логотиптерін, қарапайым анимацияларын жасау мүмкіндігі беріледі.
3. Қолжетімді әрі заманауи құралдарды қолдану. Курс барысында оқушыларға арналған интуитивті, қарапайым графикалық редакторлар (мысалы, Paint 3D, Tux Paint, Canva және т. б. ) пайдаланылады. Бұл оқытуды жеңіл әрі қызықты етеді.
4. Пәнаралық байланыс. Компьютерлік графика курсы бейнелеу өнері, математика, информатика сияқты пәндермен тығыз байланысты. Бұл оқушылардың кешенді білім алуына және пәндер арасындағы байланысты түсінуіне мүмкіндік береді.
5. Жеке және топтық жұмыстарды үйлестіру. Курста оқушылар жеке жобалармен қатар, топтық жұмыстар арқылы өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуді, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үйренеді.
6. Болашақ мамандыққа бағыт беру. Компьютерлік графика негіздерін меңгеру арқылы оқушылар болашақта дизайн, анимация, IT сияқты салаларға қызығушылық танытып, өз бағытын ерте анықтауға мүмкіндік алады.
Күтілетін нәтижелер:
- Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын біледі;
- Қарапайым графикалық редакторларда жұмыс істей алады;
- Цифрлық көркем шығармалар жасай алады;
- Ақпараттық мәдениетті және авторлық құқық нормаларын сақтайды;
- Шығармашылық және визуалды ойлау қабілеттері дамиды.
Бағдарламада оқушылар графикалық редакторлардың көмегімен қарапайым сурет салу, бояу, мәтінмен жұмыс, коллаж жасау, логотип пен слайд дайындау сияқты практикалық тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ олар композиция, түс үйлесімі, симметрия сияқты дизайн элементтерімен танысады. Курс барысында шығармашылық жобалар, көрмелер ұйымдастырылады.
Бұл курс оқушыларға өз ойын визуалды түрде жеткізе білуге, графикалық құралдарды тиімді пайдалануға, сондай-ақ шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік береді. Компьютерлік графика – тек болашақ ІТ-мамандардың емес, барша оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын қалыптастырудың маңызды құралы.
«Компьютерлік графика» курсы оқушыларды ақпараттық технологиялар әлеміне тереңірек үңілдіруді, графикалық редакторлармен жұмыс істеуді үйретуді, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту мен цифрлық сауаттылықты арттыруды көздейді. Бұл курс оқушыларды визуалды ойлауға, креативтілікке және ІТ-дағдыларды меңгеруге баулиды.
Оқыту әдістері мен тәсілдері
· Жоба әдісі (Project-Based Learning) : Оқушылар өз жобаларын жасап, оны сыныпта қорғап үйренеді (логотип, плакат, слайд, иллюстрация) .
· SAR әдісі (Сұрақ – Анықтау – Рефлексия) : оқушыны белсенді ойлауға итермелейді.
· Сын тұрғысынан ойлау технологиясы: INSERT, Венн диаграммасы, «5 сұрақ», «Кластер» т. б.
· Цифрлық креатив: Canva, Tux Paint, Pixlr, Adobe Express секілді заманауи онлайн құралдар арқылы оқушының шығармашылығын дамыту.
Дәстүрлі әдістер:
· Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап
· Дәптермен жұмыс, бақылау жұмысы
· Сараланған тапсырмалар беру
Оқыту тәсілдері:
· Жекелей жұмыс: әр оқушы өз жұмысын жасайды
· Жұптық жұмыс: тапсырма бөліп орындау
· Топтық жұмыс: бірлескен жоба (мысалы, ортақ постер)
· Ойын элементтері: "Дизайнер кім жылдам? ", "Қателікті тап! ", "Логотиптер жарысы"
Пән бойынша қолданылатын бағдарламалық және техникалық ресурстар
|
Бағдарлама атауы |
Мақсаты |
Ерекшелігі |
|
Paint |
Растрлық графиканы үйрету |
Оқушыларға түсінікті, қарапайым интерфейс |
|
Tux Paint |
Балаларға арналған графикалық орта |
Қызықты интерфейс, шығармашылық қабілетті арттырады |
|
Canva |
Векторлық графика мен шаблонмен жұмыс |
Онлайн, оңай үйренуге болады |
|
Adobe Express |
Постер, слайд, әлеуметтік желіге арналған дизайн |
Онлайн, тегін мүмкіндіктері мол |
|
PowerPoint / Google Slides |
Презентация жасау |
Слайд жасау және анимациямен танысу |
Оқу нәтижесін ұсыну түрлері
· Жеке портфолио – оқушының барлық графикалық жұмыстары сақталады
· Сынып көрмесі – тоқсан сайын шығармашылық жұмыстардан көрме
· Онлайнкөрме – Google Drive / Padlet / Jamboard арқылы
· Жобақорғау – слайдарқылыпрезентация, ауызшатүсіндіру
· Қорытынды рефлексия – "Не үйрендім? ", "Не ұнады? ", "Нені жақсартам? "
Онлайн құралдар:
· https: //www. canva. com – онлайн дизайн жасау
· https: //pixlr. com – браузер арқылы суретті өңдеу
· https: //remove. bg – сурет фонын өшіру
· https: //tuxpaint. org – Tux Paint ресмисайты
· https: //gcflearnfree. org – АКТ негіздері
Бағалау жүйесі
|
Түрі |
Мақсаты |
Құралдары |
|
Формативті бағалау |
Оқушының күнделікті білімін бақылау |
Жұмыс дәптері, тапсырмалар, ауызша/жазбаша жауап |
|
Жиынтық бағалау |
Тоқсан соңында дағдыны бағалау |
Жоба, көрме, тест, таныстырылым |
|
Өзін-өзі бағалау |
Оқушы рефлексиясы |
Чек-парақтар, бақылау парағы |
|
Құрдастармен бағалау |
Пікір алмасу арқылы өсу |
Бағалау парағы, ауызша кері байланыс |
Бағалау критерийлері мысалы:
· Графикалық құралдарды дұрыс қолданды
· Дизайн элементтерін үйлесімді қолданды
· Нұсқаулықты сақтады
· Шығармашылық идея ұсынды
· Уақытында тапсырды
Қосымша әдістемелік ұсыныстар мұғалімге
· Әр оқушының жеке деңгейін ескеріп, саралап оқыту әдісін қолдану;
· Практикалық тапсырмаларды қолдану аясынкеңейту (мысалы: мектеп логотипін жасау, сынып көрмесіне дизайн жасау) ;
· Оқушы жұмысына сынып ішінде маңыздылық беру – мотивацияны арттырады (жоба жеңімпазын марапаттау, көрмеге іріктеу) ;
· Сабақта цифрлық қауіпсіздік, этика, авторлық құқық мәселелерін тұрақты түрде еске салып отыру;
· Оқушыға шығармашылық еркіндік беру, бағалау кезінде идеяны да ескеру.
Пәнаралық байланыс:
- Көркем еңбек: композиция, түстермен жұмыс
- Информатика: файлдармен жұмыс, құрылғыларды пайдалану
- Тіл пәндері: презентация мәтіндерін жазу
- Математика: симметрия, геометриялық фигуралар
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
- Оқыту процесінде интерактивті әдістер, топтық жұмыстар, жоба әдісі және сараланған тапсырмалар қолданылады.
- Бағалау формативті және жиынтық сипатта жүргізіледі (күнделікті тапсырмалар, аралық бақылау, жобалар, қорытынды жұмыс) .
Оқыту форматы мен ұйымдастыру
1. Оқыту форматы:
· Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат;
· Теориялық материалдар мен практикалық жұмыстардың үйлесімі;
· Ойын түрінде, жобалық әдіспен сабақ өткізу;
· Интерактивті және топтық жұмыстарды кеңінен қолдану.
2. Оқу ортасы:
· Компьютерлік сынып (әр оқушыға жеке компьютер немесе ноутбук) ;
· Проектор немесе интерактивті тақта;
· Интернетке қосылу мүмкіндігі;
· Бағдарламалыққамтамасызету: Paint, Tux Paint, Canva, Adobe Express, PowerPoint жәнет. б.
3. Сабақ құрылымы мен әдістемесі
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Іс-әрекет мазмұны |
Әдіс-тәсілдер |
Құралдар |
|
Кіріспе |
5 мин |
Сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат қою, мотивация |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, қысқа ойындар |
Слайд, презентация |
|
Негізгі бөлім: теориялық |
10-15 мин |
Жаңа ұғымдар мен құралдарды таныстыру, интерфейс түсіндіру |
Түсіндіру, көрсету, видео |
Видео, демонстрация |
|
Негізгі бөлім: практикалық |
15-20 мин |
Тапсырма орындау, графика құрастыру |
Практика, жеке/топтық жұмыс |
Компьютер, бағдарламалар |
|
Қорытынды |
5-10 мин |
Өзін-өзі бағалау, кері байланыс, қорытындылау |
Рефлексия, бағалау, пікір алмасу |
Чек-лист, бағалау парағы |
Оқыту әдістері мен технологиялары
1 Теориялық материалды меңгеру үшін:
· Түсіндіру, иллюстрациялармен көрсету;
· Бейне сабақтар және анимациялар;
· Сұрақ-жауап сессиялары.
2 Практикалық дағдыларды дамыту үшін:
· Жоба әдісі (логотип, плакат, слайд жасау) ;
· «Жұптық жұмыс» және «топтық жоба» әдістері;
· Сыни ойлауды дамыту жаттығулары;
· «Ойын арқылы оқыту» (мысалы, «Графикалық құралдарды табу») ;
· Дәптерге жазу және бақылау жұмыстары.
3 Дифференциация мен инклюзивтілік:
· Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды бейімдеу;
· Қосымша материалдар, жеңілдетілген немесе күрделірек тапсырмалар;
· Қажет болған жағдайда көмекші құралдар қолдану (мысалы, дауыс жазу) .
Техникалық құралдар:
· Компьютерлер, ноутбуктер;
· Проектор, интерактивті тақта;
· Баспа құрылғылары;
· Интернет байланысы.
Оқу-әдістемелік құралдар мен ресурстар
· Авторлық бағдарлама және күнтізбелік-тақырыптық жоспар;
· Әдістемелік құралдар жинағы;
· Үлгі жобалар мен практикалық тапсырмалар;
· Бағалау парақтары мен чек-листтер;
· Көрнекі материалдар (слайдтар, видеолар) ;
· Онлайн оқыту платформалары (YouTube, Canva tutorials) .
Қауіпсіздік және тәртіп ережелері
· Компьютерлік техникамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;
· Ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйрету (жеке мәліметтерді қорғау) ;
· Интернетті қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
· Цифрлық этика: авторлық құқықтарды сақтау, этикалық мінез-құлық;
· Сабақ тәртібін сақтау, техникалық жабдықты бүлдірмеу.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
· Сабаққа алдын ала толық дайындалу: материал, техникалық құралдар, бағдарламалар;
· Оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды дифференциялау;
· Қиындық тудыратын тұстарды қосымша түсіндіру;
· Мотивацияны арттыру мақсатында шығармашылық тапсырмалар мен жарыстар ұйымдастыру;
· Тұрақты кері байланыс беру, оқушылардың дамуын қадағалау;
· Жобаларды сынып ішінде және мектеп деңгейінде жариялау арқылы оқушыларды ынталандыру.
Бұл әдістемелік нұсқау 5-сынып оқушыларына компьютерлік графика пәнін сапалы оқытуға арналған кешенді бағдарлама болып табылады. Мұғалімдерге материалды тиімді жеткізу, практикалық дағдыларды дамыту және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Білім және ғылым министрлігі – Информатика пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасы (5–9 сыныптар) . – Астана, 2020.
2. "Өрлеу" БАҰО – Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әдістемесі. – Алматы, 2021.
3. Bilimland. kz – Цифрлық білім беру платформасы, информатика және графика бойынша видеосабақтар.
4. Canva Design School – Canva for Education: Teacher and Student Guide. – https: //www. canva. com/education/
5. https: //www. youtube. com/watch? v=EeXyNdfr9CM
6. https: //www. youtube. com/watch? v=fmCg7UPbJ9g
7. Inkscape Community – Inkscape ресминұсқаулығы (векторлықграфикаредакторы) – https: //inkscape. org
8. LearningApps. org – Компьютерлікграфикағаарналғанинтерактивтітапсырмаларменжаттығуларқұрастыруплатформасы.
9. Paint. NET Documentation – https: //www. getpaint. net/doc/latest/
10. Scratch (MIT Media Lab) – Scratch оқушыларғаарналғанвизуалдыбағдарламалауортасы – https: //scratch. mit. edu
11. Tux Paint Developer Team – Tux Paint қолданушынұсқаулығы. – https: //www. tuxpaint. org
12. БалапановЕ. Қ. , БөрібаевБ. , ДәулетқұлС. – Информатикадан 30 сабақ. – Алматы: Жазушы, 2019.
13. Кобдикова Ж. У. , Көпеева Г. А. , Қаптағаева Ә. Ә. , Юсупова А. Ғ.Информатика 5-сынып: оқулық. – Алматы: Атамұра, 2021.
14. Кудрявцев А. А. – Основы компьютерной графики. – М. : Финансы и статистика, 2021.




















