Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзреттілікті дамыту
2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Кенжебаева Альдина Айдаралиевна
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қарағанды облысы
Саран қаласы
«№13 ЖББМ» КММ
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
(М. Жұмабаев)
Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын сыныптарда пайдаланатын: ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т. б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруда дидактикалық ойындардың қажеттілігі, яғни зор екендігі қарастырылған.
Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс – әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
• қисынды ой - қабілеті дамиды;
• өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
• сөздік қоры байиды, тілі дамиды;
• зейіні қалыптасады;
• байқампаздығы артады;
• өзара сыйластыққа үйретеді;
• ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
• бір - біріне деген оқушы сенімі артады;
• сабаққа қызығушылығы артады.
Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой - өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple…» деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады, келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады (ex: box) т. с. с
Қозғалыс ойындары
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
Іскерлік ойындар
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді.
Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Интеллектуалдық ойындар
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады.
Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
– әр-түрлі ойындарды ойнаған cneltyn шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.
«Telephoning» ойыны. Бұл ойын сан есімдерді жаттап, жаттығуға арналған.
Бір оқушы телефонмен сыныптағы оқушының телефон номерін теріп, сандарды ауызша айтады. Қоңырау шалған оқушы қоңырауға жауап беріп, қысқаша реплика құрып, диалог жасау керек.
Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады
Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынамын:
woruyehaohellohowareyouIamfineseeyougoodbye
“Kim`s Game” ойыны.Оқушыныңсумкасындағызаттардыоқытуүшінбәрінпартаныңүстінежинапқойып, олардықайталатукерек. Содансоңбір-бірдентығып, өздерінетаптырукерек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing? .
Қорыта келе: Ойын арқылы оқушының:
· өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
· сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
· зейіні қалыптасады;
· байқампаздығы артады;
· өзара сыйластыққа үйретеді;
· ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
· бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
· сабаққақызығушылығыартады.
АтақтыамерикандықжазушыЕ. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» депайтқандай, кез-келгенадамағылшынтілінсөйлеуәрекетіндемиллиондағанқателердіжіберуарқылыүйреніп, шыңдалады.
Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ та оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген.
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады.
Электронды оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.
Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты, қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осынай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымақтастыққа баулиды.
Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, т ехникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.
Мұнда оқушылар кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни адамның ішкі жан дүниесіне сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қарым-қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.
Тағы да оқыңыздар

Болашаққа саяхат: Мектеп қабырғасынан тыс білім мен мета-дағдылар



















