Мектепке дейінгі ұйымдардағы Steam-технологиясы: инновациялық идеялар мен үздік тәжірибелер

Арнайы жобалар 10:17, 10.10.2026 15
Калдыбаева Жазира Маулетбековна

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Калдыбаева Жазира Маулетбековна

Абай облысы Семей қаласы

ЖШС”Бөбек”мектепке дейінгі

шағын орталық тәрбиешісі.

Кіріспе

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесі түбегейлі жаңару үстінде. Заманауи трендтердің ішінде баланың сыни ойлауын, креативтілігін және зерттеушілік дағдыларын дамытатын ең тиімді бағыт – STEAM-технологиясы. «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық семинарда өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген тиімді әдістермен бөлісуді жөн көрдім.

Негізгі бөлім

STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) баланың қоршаған әртарапты әлемді тұтас қабылдауына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар – табиғатынан зерттеуші. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – оларға дайын білімді беру емес, сол білімді өздігінен табуға жағдай жасау.

Өз тәжірибемде мен келесі инновациялық идеялар мен модульдерді қолданамын:

1. Дидактикалық жүйе Ф.Фребель сыйлықтары. Бұл модуль балалардың кеңістікті ойлауын, геометриялық пішіндерді қабылдауын және математикалық дағдыларын эксперимент арқылы дамытуға мүмкіндік береді.

2. Lego-конструирлеу және инженерия. Балалар жай ғана блоктарды жинамайды, олар сюжетті-рольдік ойындар ойнай отырып, логикалық есептерді шешеді, ұсақ моторикасын жетілдіреді.

3. Құммен және сумен эксперименттер (Тәжірибелік аймақ). Бұл бағыт баланың зерттеушілік қызметін белсендіреді. Заттардың қасиеттерін (ауыртпалық, көлем, ерігіштік) балалар өз көзімен көріп, қолымен ұстап сезінеді.

Жаңа трендтер тәрбиешіден де жаңа дағдыларды (soft skills) талап етеді. Олар: фасилитация (баланы бағыттау), икемділік және коучингтік тәсіл. Біз балаға нұсқау беруші емес, оның зерттеу серіктесіне айналуымыз керек.

Үздік тәжірибеден мысал

Біздің топта «Болашақ қаласы» атты STEAM-жобасы жүзеге асырылды. Балалар топқа бөлініп, алдымен болашақтың үйлерін суретпен салды (Өнер), содан кейін Lego-мен құрастырды (Инженерия), одан кейін олардың биіктігі мен енін өлшеді (Математика). Нәтижесінде балалардың өзара топта жұмыс істеу, мәселені бірлесіп шешу дағдылары 40%-ға артты.

Қорытынды

STEAM-технологиясын балабақшада қолдану – уақыт талабы. Жаңа трендтерді меңгерген тәрбиеші ғана бәсекеге қабілетті, еркін және шығармашыл тұлға тәрбиелей алады. Назарларыңызға рақмет!



  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •