Қазақстанда деструктивті діни идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Керек ақпарат 10:20, 14.08.2025 5

2025 жылғы 23 маусым мен 6 шілде аралығында Алматы қаласында радикалды және деструктивті діни идеологияны ұстанушылармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту курсы өткізілді.

Курс Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігінің Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бірлескен ұйымдастырумен іске асырылды.

Бағдарламаның мақсаты – қоғамға қауіпті діни радикализмнің алдын алу ісінде аймақтық мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін арттыру болды. Оқыту барысында дінтану, психология, тарих және исламтану бағыттары қамтылып, модульдер арнайы әзірленген авторлық бағдарлама негізінде жүргізілді.

Оқыту үдерісіне еліміздің түрлі аймақтарынан келген жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары мен сарапшылары жұмылдырылды. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің тәжірибелі мамандары дәріс оқыды.

Оқу бағдарламасына Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 80-ге жуық маман қатысты. Тыңдаушылар радикалды діни идеология ықпалына түскен азаматтарды оңалту және бейімдеу жолында қолданылатын замануи тәсілдермен танысып, теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді.

Курс аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, қорытынды шара өткізілді.

Аталған бастама еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту және білікті мамандар даярлау жолында маңызды үлес қосты.

Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Тамыз 2025
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31