Билік пен халық арасындағы көпірді берік қылу керек – PR маманы Тимур Айтжанов

Сұхбат 10:57, 25.04.2025 32
Әлия Жақып, Руслан Амантай

Қазақтың ауылынан шыққан қара домалақ баласы Тимур Айтжанов Америка Құрама Штаттарында магистратура оқып, жергілікті профессорлармен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Мұхит асып, білім алуына не түрткі болды және отбасымен оқу қиын болмады ма? Білім жолының осы және өзге қызықтарын жамбылдық Тимур Айтжанов тілшімізге айтып берді.

Тимур Айтжанов – Тараз қаласының тумасы, бала күнінен зерек, алғыр болып өскен. Бірақ студент кезінде де мұхит асып, алпауыт Америкада білім аламын деген ойы болмаған. Бірақ ол қалалық әкімдікте қызмет етіп жүргенде бір өзгеріс болады... Толығырақ өзі баяндап берді.

Америкада білім алуға қадам

Бір күні баспасөз қызметіне жаңа маман келді және ол маған шетелде білім алу туралы кеңес берді. Ол менің қабілетім мен потенциалыма қарап, АҚШ-та білім алсаң, кәсіби біліктілігің артады және қоғамға қазіргіден де пайдалы бола аласың деген пікір айтты. Оған дейін мұндайды ойламайтын едім. Бірақ мен сол сәттен бастап Америка Құрама Штаттарында білім аламын деген мақсат қойдым және күнде таңертең ағылшын оқыдым. Сөйтіп «Болашақ» бағдарламасына қатысып, толық грант ұттым. Лос-Анжелеске түскім келді, себебі табиғаты қолайлы. Біздің Таразға ұқсайды, одан да жылы. Сөйтіп осы штатқа магистратураға түстім.

Америкадағы білімнің ерекшелігі

Мен мұнда магистратурада Халықаралық саясат және басқару (International Public Policy and Мanagement) мамандығы бойынша білім алдым. Сондықтан біз көбінесе жобалармен жұмыс істедік. Соның ішінде үйсіз адамдардың проблемасын шешуге тырыстық. Жобаны жалғыз атқармайсың, командамен жұмыс істейсің. Солай командамен жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар, ұстаздар құрамы мықты болды. Ірі компанияларда еңбек еткен, үлкен тәжірибесі бар профессорлар сабақ берді. Кез келген сабақта ресерч бар және көбіне прфессорлар практиктер. Мәселен, Арнольд Шварценеггер саясаткер болғандықтан, бізге сабақ берді. Саясат мектебі бар. Сонымен қатар, мұнда деректер базасы мықты. Қандай ақпарат керек, қай жылдардың деректері керек бәрі бар. Ресерч жасауға қолайлы. Профессорымыз консалтинг компаниясымен шешім шығарып береді. Мәселен банктің жұмысына да шешім ұсынады. Жалпы бұл жақтағы профессорлармен жақсы қарым-қатынас орнаттым және үнемі байланыстамын. Кез келген уақытта кәсіби тұрғыдан кеңес алмасып тұрамыз.

«Мен тік мінезді адаммын»

Ешқашан әділетсіздікке төзбеймін. Дұрыс қарым-қатынас көрмесем, әділетсіздік көрсем, үнсіз қалмаймын. Жұмыста да сондаймын. Жеке шегараны сақтап, кәсіби тұрғыдан өсетін ортаны іздеймін. Тіпті біреуге жалтақтап, жағымпазданатын адаммен араласудан бас тартамын. Тәкаппар емеспін, бірақ дұрыс емес әрекет көрсем, тыныш қарап тұра алмаймын.

АҚШ-та екінші тынысым ашылды

АҚШ-та екінші тынысым ашылды. Мен өзімді басқа қырымнан аштым. Мүмкіндік көп екенін түсіндім. Себебі менің миссиям – адамзатқа қызмет ету. Ал Америка маған осы қызметімді атқаруға көбірек мүмкіндік берді және мен өзімнің еңбек жолымды Америкада шыңдайын деп шештім. Себебі Америка менің потенциалымның елдегіден де жоғары екенін көрсетті.

Отбасымен оқудың қызығы

Мұнда оқуға келгенде америкалықтар «отбасыңмен келдің бе» деп таңғалатын. Себебі бала-шағамен басқа елге келіп оқу оңай емес. Өз еліңде болса амалын табасың. Ал мұхит асып келіп, мүлдем бөлек мәдениет пен қайнаған өмірге үйренісу оңай емес. Дегенмен бізге бәрі ұнады. Ұнағаны соншалық менен кейін жолдасым МВА тәмамдады.

Маман ретіндегі мақсат

Адам ретінде бұл өмірде ең бастысы мақсатым – адам болып қалу. Өсіріп отырған ұл-қызымызға жақсы тәрбие беріп, өмірде болатын түрлі сынақтан абыроймен өту. Себебі мен әке ретінде бала-шағамның алдындағы жауапкершілігімді білемін және олардың сапалы білім алуына, қажет үйірмелеріне барып, қалаған мамандығын оқуына көмектесуге барымды саламын. Ал, маман ретінде айтар болсам, кез келген сала уақыт өткен сайын өзгереді, дамиды, жаңарады. Қоғаммен байланыс та сондай. Бұл саланың да құралдары мен тәсілдері жаңарды. Мен сол заман ағымына ілесіп, ірі жобаларға басшылық етіп, өз ісімнің шебері болуды жалғастырамын. Менің мамандығым кез келген елде керек. Себебі бәрінен қиыны – халық пен компания не билік арасында көпір болу. Ал менің мақсатым – сол көпірді қалап қана қоймай, оның берік және мәңгілік және берік болуына жауапкершілік алу.

Автор: Әлия Жақып
Руслан Амантай

Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Мамыр 2025
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •