Баланы таеквондоға қай жастан берген дұрыс – сарапшы жауабы

11:14, 17.03.2025 19
Рахила Бекназарқызы

Қазір елімізде спорт үйірмелері көп. Солардың ішінде таеквондоға сұраныс аз емес. Осы орайда тілшіміз паратаеквондодан жаттықтырушы Алмас Маделимнен баланы спорттың бұл түріне қай жастан бастап берген дұрыс және оның басқа үйірмелерден айырмашылығы қандай екенін сұрады. 

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының мәліметінше, елімізде таеквондомен 200 мыңнан астам адам айналысады. Оның 116 мыңы – жас спортшылар. 500 мыңнан астам халқы бар әр қалада әдетте 8-ден 30-ға дейін түрлі таеквондо секциялары жұмыс істейді. Қазақстандық таеквондо федерациясы 30 жылдан астам уақыт бойы қарқынды дамып келеді. Ел ішінде және әлемдік спорт аренасында жаңа шыңдарды тұрақты бағындырып келеді.


Алмас Маделимнің айтуынша, баланы таеквондоға 6 жастан бастап берген жөн.

Баланың сүйегі қатпай жатып, алты жастап берген жақсы. Шпагатқа да оңай отырады. Сол себепті таеквондоға 6 жастан бастап берген дұрыс. Аптасына үш 1-1,5 сағаттан ойын ретінде жаттықтырған абзал. Олар әлі ойын баласы болғандықтан, қатты күш салмай, ойын форматында жаттықтыру керек. Себебі бірден қатты жүктеме болса, спортқа деген қызығушылығын басып тастау қаупі бар. Бала қаймығып қалуы да мүмкін. Бала спортқа өз еркімен, қуанышпен келу керек. Ойнау үшін келгендей жаттығу керек, – деді жаттықтырушы.

Маманның айтуынша, таеквондода да басқа спорт түріндегідей тәртіп маңызды. Жаттығуды уақытында орындау, жаттықтырушыны тыңдау, айтылған ережелерді сақтау – бәрі жетістікке әкелетін қадамдар.

Мұның басқа спорт түрінен ерекшелігі көп. Мен кем дегенде мұны спорттың «әдемі түрі» деп атаймын. Бір жаттығу процесін тамашалап көрсеңіз, «бірден ғашық боласыз». Қарапайым адамдар қолмен істей алмайтын нәрсені спортшылар аяқпен істей алады. Айналып тебу қиын, бірақ солай тепкенін көргенде тамсанасың, – деп қосты сарапшы.


Алмас Маделим жалпы спорттың үш категориясын: кадет (12-14 жас), юниор (14-17 жас), ересектер (17 жастан жоғары) атап өтті. Бірақ кейбірі бала күнінде жетістікке жеткенмен, ересектер қатарына қосылғанда «өзін көрсете алмай жатады». Ал кейбірі керісінше, бала күнінде орта деңгейде жүреді де, ересек болғанда әлем чемпионатын да жеңуі мүмкін.

Жаттықтырушымен үздіксіз, сапалы жаттығу жасаса, міндетті түрде жетістікке жетеді. Әр баланың бабы әртүрлі болады. Кей спортшылар кадет, юниор кезінде ел ішінде чемпион бола алмай жүрсе де, ересекке ауысқан кезде әлем чемпионы болып жатады. Ерте чемпион болып, бала күннен елде чемпион болып, ересек жасқа жеткенде өзін «тоздырып» жіберіп, еш әлем чемпион бола алмауы да мүмкін. Жалпы 18 жастан кейін витамин қабылдау, жаттығуды үзбей, дисциплинаны сақтау оңай емес. Әртүрлі жағдай болады, – дейді ол.

Сонымен қатар, сарапшы бүгінгі заманның дерті – телефонға айрықша толталды. Ол ата-аналардан баласына телефон бермеуін өтініп, өзі ересек спортшылардың да телефонын жаттығу кезінде алып қоятынын айтты.


Қазіргі балалардың дерті – телефон. Ата-аналарға үздіксіз айтып отырамын. Балаға телефон бермеуін сұраймын. Кешкі сағат 8-9-дан кейін телефон ұстатпау керек. Бала уақытылы ұйықтап, ағзасы тынығу керек. Дұрыс ұйықтамаған бала ертесі жаттығуды да сапалы орындай алмайды. Айналып келгенде өзіне зиян. Сондықтан телефон бермеу керек. Мен тіпті ересек адамдармен түрлі жаттығу жиындарына барсақ та телефондарын жинап алатынмын. Себебі ертесі жаттығуға шыға алмай қалады. Әлеуметтік желіде таңға дейін отырып, уақыттың қалай тез өткенін білмей, ұйқысын қашырады. Сол себепті бала түгілі ересектердің өзіне де бақылау керек, – деді Алмас Маделим.

Айта кетейік, Қазақстандық таеквондо федерациясының құрамына 20 өңірлік федерация кіреді. Жыл сайын ел аумағында өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі 100-ден астам жарыс өткізіледі.

Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2025
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •