Неліктен Алматы технологиялық университетіндегі «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығын таңдау керек?
Алматы технологиялық университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының миссиясы-туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласында отандық және халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, ғылыми әлеуеті жоғары, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті және заманауи талаптарға жауап беретін, инновациялық білім берудің озық үлгілерін тиімді меңгерген жоғары білікті мамандарды, сондай-ақ қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, студенттердің білім беру сапасын қамтамасыз ету университеттің мүдделерін қанағаттандыру бойынша әрбір студенттер мен магистранттарға оқу мазмұнын таңдау мүмкіндігін береді.
Кафедраның мақсаты-туризм және қызмет көрсету саласында студенттердің біліктілігін арттыру және жеке тұлғалық дағдыларын қалыптастыру, білім, іскерлік және мәдени дағдыларды игеруге жол ашу болып табылады.
Сапалы білім беру тәжірибесіне бағытталған тұрғыда факультетте 2014 жылдан бастап Қазақстан-Швейцария туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі институтының базасында «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» дайындық бағыттарында қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау басталған. 2016 жылдың шілдесінде «Экономика», «Қаржы», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас бірлескен бағдарламаны іске асыру нысанында Г.В.Плеханова атындағы Ресей Экономикалық университетімен (Мәскеу қ.) келісімшартқа қол қойылды.
Осындай сапалы білімге бағытталған жұмыстар нәтижесінде факультет түлектері қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында, қаржы институттарында, Ұлттық банкте, сақтандыру және аудиторлық компанияларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салаларында орта буын басшылары болып табысты жұмыс жасайды.
Факультеттегі кафедралар бойынша әрбір жұмыстың сапалы атқарылуына факультет деканы Абдраимова Диана Байшагыловна зор үлес қосуда. Жұмысты тиянақты ұйымдастыру әдісі, профессорлар мен оқытушылар құрамымен белсенді, ынтымақтастықтағы жасап жатқан жұмыстары елеулі, ерен екендігін, білім мен тәрбие саласындағы машықтанған тәжірибесін айқын көрсетеді.
«Экономика және бизнес» факультетінің деканы
Факульетет деканының бастамасымен кафедрадағы профессорлар мен оқытушылар құрамы студенттерге туризм мен сервистің қарқынды дамып келе жатқан және серпінді индустриясында көшбасшы бола алатындай жоғары білім беру стандартын қамтамасыз етуге тырысады. Оқу бағдарламаларымыз студенттердің осы салада нақты жұмыс жасауға дайын болуын қамтамасыз ету үшін теориялық негіздерді практикалық дағдылармен біріктіреді.
Кафедра меңгерушісі Ермекбаева Динара Джасузаковнаның бастамасы кафедрада студенттерге туризм мен сервистің қарқынды дамып келе жатқан және серпінді индустриясында көшбасшы бола алатындай жоғары білім беру стандартын қамтамасыз етеді.
Ермекбаева Динара Джасузаковна
«Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі өзінің білімі және біліктілігімен ПОҚ қызметін тиімді, сапалы ұйымдастырып, студенттермен бірлескен жұмыстарды жоғары деңгейде орындай алады.
Оқыту барысында кафедра оқытушылары студенттердің білімін тестілік бақылауды қолдану арқылы оқытудың жаңа технологиялары мен жүйелерін енгізу, пәнаралық байланыстарды құрылымдау, педагогикалық қызметтің тиімді стратегияларын қалыптастырудағы әдістердің тұтас жүйесінің маңыздылығын зерттеу бойынша белсенді атқарады.
Кафедрада оқу үрдісінде оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізу және қолдану үшін барлық алғышарттар жасалған. Оның дәлелі студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан мынадай дағдыларды қалыптастыру орталықтары болып табылады (төменде көрсетілген).
Студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан осындай теория мен тәжірибені ұштастыру орталықтары білімгерлерге теориялық алған білімдерін тәжірибелік дағдыларды жасап көру, қалыптастыру бағытында сапалы да, заманауи білімге негіздеуге жол ашады.
Студенттер іс жүзінде қызмет көрсетудің нысандары мен әдістерімен; қонақ үй бөлмелерімен, олардың жабдықтарымен, бар ыдысының, мүкәммалдың, жабдықтың түрлерімен; бар картасын жасау және ресімдеумен; әртүрлі үлгідегі және сыныптағы барларға келушілерге қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен және техникасымен; қызмет көрсеткені үшін есеп айырысуды ресімдеу қағидаларымен; персоналға қойылатын талаптармен; еңбекті ұйымдастырумен танысады.
Оқу процесінде студенттер мен магистранттарды теориялық және практикалық даярлау жұмыс берушілердің заманауи қажеттіліктеріне бағытталған. Оқу кабинеті туризмнің белсенді түрінің тактикасы бағытында туристік жабдықтармен қамтылған: туристік сөмкелер, матрацтар, рюкзактар, шатырлар, үстелдер, орындықтар, жиналмалы кереуеттер және басқа да туристік аксессуарлар бар.
Кафедрада оқу-әдістемелік жұмысы жоғары деңгейде қойылған, атап айтқанда кафедраның ПОҚ оқу-әдістемелік еңбектер мен әзірлемелер жариялайды, бірнеше әдістемелік секция отырыстары өткізіледі. Кафедра оқытушылары қазақстандық және шетелдік деңгейде өз біліктілігін арттыруға тұрақты түрде қатысады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.
Кафедра студенттерді тәжірибелік оқытуға, оның ішінде алған білімдерін қонақжайлылық индустриясының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында қолдануға көп көңіл бөледі. Осы мақсатта тәжірибе базалары анықталды: ұлттық компаниялар мен жетекші ірі кәсіпорындар, мысалы: Туристік агенттік «Suntour», «Rixos» қонақ үйі, «Тревел Люкс» ЖШС, «Happy Travel Алматы 2» ЖШС.
Егер сіз «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» маманы боламын десеңіз, Алматы технологиялық университеті, «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының мамандықтарын таңдаңыз.
Біздің бағдарламалар сізге осы қарқынды дамып келе жатқан салаларда табысты мансап үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға көмектеседі. Сіз туристік қызметтерді, мейрамхана және қонақ үй бизнесін ұйымдастыру мен басқарудың барлық қыр-сырын меңгересіз, клиенттермен тиімді жұмыс жасауды және қызметтің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді үйренесіз.
Біз сіздерге не ұсынамыз: сала сарапшыларынан практикалық дайындық, заманауи оқу материалдары мен жабдықтары, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы жетекші компаниялармен тағылымдамаға қатысу және ынтымақтастық (Түркия, Беларусь мемлекетіндегі жетекші қонақ үйлерден тәжірибеден өту), көшбасшылық қасиеттерді дамыту және командада жұмыс жасауды үйрену мүмкіндігі.
Неліктен бізді таңдау керек: еңбек нарығында танылған аккредиттелген бағдарламалар мен дипломдар, нақты жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылар, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға қолдау көрсету.
Туризм, мейрамхана және қонақжайлылық саласында табысты мансапқа бізбен бірге алғашқы қадам жасаңыз!

«Туризм және сервистік қызмет көрсету»
кафедрасының оқытушылары:
э.ғ.к., ассоц профессор
Желдибаев А.Е
PhD докторы, ассоц профессор м.а
Дүйскенова Р.Ж
Сеньеор-лектор
Сарсебаева А.М
Сеньеор-лектор
Токбергенова У.А



















