ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КІЛТІ

Арнайы жобалар 14:00, 10.10.2026 6

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Ескелдиева Макпал Жомартовна

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей

Ұлттық қолөнер – қазақ халқының рухани мәдениетінің ең көне әрі қымбат қазыналарының бірі. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты өнер түрлері ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Әрбір бұйымның жасалуында халықтың дүниетанымы, эстетикалық талғамы, дүниеге көзқарасы мен өмір сүру тәжірибесі бейнеленген. Сондықтан да мектеп жасындағы балаларға ұлттық қолөнерді үйрету – олардың мәдени танымын арттыруға, еңбекке баулуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды іс. Бұл авторлық бағдарлама қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Қазіргі қоғамда жаһандану үдерісі күшейген шақта ұлттық болмысты сақтап қалу, қазақ халқының қолөнерін жас ұрпаққа үйрету – өзекті мәселелердің бірі. Бағдарламаның өзектілігі – жас ұрпақты ұлттық мұраға баулу арқылы олардың еңбек дағдыларын,эстетикалық талғамын қалыптастыруында. Мұндай пәндер жас буынның тек қана қолөнермен айналысуына емес, сонымен бірге жалпы мәдениеттілігін арттыруға да ықпал етеді.

Мақаланың басты мақсаты – ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық сана-сезімін тәрбиелеу.

Қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлерімен оқушыларды таныстыру;

Шығармашылық тапсырмалар арқылы қиялын дамыту; Ұлттық мұраға деген құрмет сезімін тәрбиелеу; Заманауи әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, еңбек дағдыларын қалыптастыру. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану үдерісі мәдениеттердің тоғысуына ықпал етуде. Мұндай жағдайда ұлттық құндылықтардың жойылып кету қаупі бар. Сондықтан мектеп қабырғасында ұлттық өнерге баулу – оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында ерекше маңызға ие. Ұлттық қолөнерді оқыту арқылы біз өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, ұқыптылық және шығармашылық қасиеттерді дамытамыз. Ұлттық қолөнерді зерттеу мәселесі көптеген ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан. Мәселен, академик Ә. Марғұлан қазақ қолөнерінің тарихын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырған.

Ал С. Қасқабасов халық шығармашылығы мен дәстүрлі өнердің тәрбиелік мәніне тоқталды. Этнопедагогика саласында еңбек еткен ғалымдар ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің маңыздылығын дәлелдеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында да оқушылардың ұлттық құндылықтарды меңгеруі басты міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Ұлттық қолөнерді оқытуда тек теориялық білім берумен шектелмей, практикалық іс-әрекетке ерекше мән берілуі тиіс. Мысалы: қолөнер бұйымдарын жасату (тұскиіз, кесте, өрмек тоқу, зергерлік бұйымдар үлгісі); шығармашылық жобалар қорғау; топтық жұмыстар арқылы бірлескен еңбекке баулу. Осы тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырып, пәнді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Еңбектің ерекшелігі – дәстүрлі қолөнерді қазіргі заманауи технологиялармен ұштастыруында. Мұнда оқушыларға дайын білім беру ғана емес, оларды зерттеуге, жобалық жұмыстар жасауға, шығармашылық тұрғыдан ойлануға дағдыландыру мақсаты көзделген. Сонымен бірге жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқу үрдісін қызықты әрі нәтижелі ету көзделген.Ұлттық қолөнерді меңгеру барысында оқушылардың қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілеті артады. Әр өрнек пен нақышты есте сақтау–ойлау қабілетіне әсер етеді. Сонымен қатар, қолөнермен айналысу оқушыны сабырлы, шыдамды болуға баулиды.Бұл–баланың психологиялық дамуына оң ықпал ететін маңызды фактор.

Ұлттық қолөнерді оқыту барысында оқушылардың қиялы мен ойлау қабілеті арта түседі. Әрбір оқушы өз қолымен жасаған бұйымына өзгеше нақыш қосып, жаңашылдыққа ұмтылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру, «өз қолымен жаса» әдісі,көрмелерге қатыстыру–олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.

Әрбір бұйымды жасау барысында бала шыдамдылыққа, дәлдікке, тазалыққа үйренеді. Сонымен қатар ұлттық қолөнер арқылы олар халықтың салт-дәстүрімен танысып, тарихи санасын қалыптастырады. Ұлттық қолөнердің түрлері бар: сәндік-қолданбалы өнер – кесте, кілем тоқу, өрнек жасау; ағаш және сүйек өңдеу өнері – ағаштан ою, ыдыс жасау; металл өңдеу өнері – зер.

Әдістемелік тұрғыдан сабақ мына құрылымда өтеді:

Кіріспе бөлім – мұғалім қолөнердің тарихы мен маңызы туралы қысқаша мәлімет береді;

Негізгі бөлім – оқушыларға практикалық жұмыс (кесте тігу, өрнек салу, ағаш ою) тапсырылады;

Қорытынды бөлім – әр оқушы өз жұмысын таныстырады, сыныптастары бағалайды.

әдіс-тәсілдер: жобалау әдісі; топтық жұмыс; сарамандық тапсырма; сұрақ-жауап, ойталқы әдісі.

Сабақта қолданылатын инновациялық әдістер:

STEM-білім элементтері – қолөнерді ғылым, технология, инженерия және математикамен байланыстыра оқыту.

Цифрлық технологияларды пайдалану – қолөнер бұйымдарының үлгілерін интерактивті тақтада көрсету, бейнероликтер қолдану.

Жобалық әдіс – әр оқушы немесе топ белгілі бір қолөнер бұйымын жасап, оны қорғап шығады.

Мұражаймен байланыс – оқушыларды ұлттық мұражайларға апару, қолөнер көрмелерін тамашалату.Бағалау кезінде тек дайын бұйымның сапасы емес, сонымен қатар:оқушының идеясы,еңбек процесіне қатысу белсенділігі,эстетикалық талғамы,жұмысты қорғау деңгейі есепке алынуы тиіс.

Оқушылар ұлттық қолөнер арқылы тұрмыстық өмірге қажет дағдыларды меңгереді: ұқыптылық, еңбекқорлық, әсемдікке ұмтылу. Жасалған бұйымдар үй шаруашылығында қолдануға жарамды. Бұл тек оқушының эстетикалық тәрбиесін ғана емес, оның еңбекке көзқарасын да қалыптастырады. Ұлттық қолөнерді оқыту – оқушылардың бойына ұлттық сана- сезімді дарытып, шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолы. Шәкірт халық мұрасымен таныса отырып, өзінің болашағына сенімділікпен қарайды. Мақалада ұсынылған әдіс-тәсілдер мұғалімдер үшін тәжірибелік көмекші құрал бола алады.

Ахатай Айдайқыз Шәкірқызының “Ұлттық қолөнер – шығармашылық кілті”– білім беру ісінде маңызы зор еңбек. Ол оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған. Бағдарлама жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға әбден лайықты. Ұлттық қолөнерді үйретуде мұғалімнің орны ерекше. Ол тек білім беруші емес, сонымен қатар тәрбиеші, бағыт- бағдар беруші, шабыттандырушы тұлға.

Мұғалім ұлттық құндылықтарды өз жүрегінен өткізіп, оқушыға ықыласпен жеткізгенде ғана нәтиже жоғары болады. Ұлттық қолөнер – тек өткеннің мұрасы емес, қазіргі мен болашақтың да рухани қазынасы. Оны оқыту арқылы біз оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды өмірге бейімдейміз, еңбекке баулимыз.

Әдебиеттер

1. Ә. Марғұлан Қазақ қолөнері. – Алматы: Өнер, 1986.

2. С. Қасқабасов Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Жазушы,

3. Б. Ысқақ Қазақтың қолданбалы өнері. – Астана: Фолиант, 2015.

4. ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2018.

5. Г.АхметоваЭтнопедагогиканегіздері.–Алматы:Рауан,2004.

6. С. Бекмұхамбетова Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері. –

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •