АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА STORYTELLING ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Аннотация
Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеуге деген қорқынышын жоюдың заманауи жолдары қарастырылады. Автордың жеке тәжірибесінде сыналған Storytelling әдісі, Flipped Classroom моделі және жасанды интеллект құралдарын (Twee, Canva AI, ChatGPT) қолдану арқылы оқушының еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру тәжірибесі баяндалады.
Кіріспе
Қазіргі оқушы ағылшын тілінде ережені біледі, бірақ сөйлей алмайды. Себебі дәстүрлі сабақта оқушы – тыңдаушы, мұғалім – сөйлеуші. Жаңа тренд – оқушыны сөйлету.Менің алдымда тұрған сұрақ: «Қалай оқушыны 45 минутта кем дегенде 10 сөйлем ағылшынша айтқызуға болады?». Осы сұрақтың жауабы ретінде мен сабағымды үш жаңа трендке негіздедім.
Негізгі бөлім
1. Тренд 1. Flipped Classroom – сабақты төңкеру.
Бұрын үйде тапсырма, сыныпта жаңа сабақ болатын. Қазір керісінше.Мен жаңа тақырыптың 3 минуттық видеосын (Youtube - BBC Learning English, өзім түсірген түсіндірме) WhatsApp топқа алдын ала жіберемін. Оқушы үйде көріп келеді. Ал сыныпта біз тек практика жасаймыз – сөйлесеміз. Бұл – уақытты үнемдеудің ең тиімді жолы.Мысалы, Past Simple тақырыбын үйде видео арқылы көреді, сыныпта мен тек сұрақ қоямын: "What did you do yesterday?". Оқушы дайын болып келеді, қорықпай жауап береді.
2. Тренд 2. Storytelling – оқиға арқылы үйрету.
Грамматика жаттаудан гөрі, оқиға есте қалады. Бұл – қазіргі әлемдік тренд.Мысалы, 6-сыныпта "My dream" тақырыбында мен құрғақ мәтін оқытпаймын. Оқушыларға Canva AI-да өз армандарын суретке айналдыртамын, содан кейін сол сурет бойынша 5 сөйлемдік Story құрастырады.
Үлгісі:
_This is my dream house. It is big and blue. There is a big garden..._
Балаөзқиялынайтқандықтан, сөйлеугемотивациясыжоғары. Еңәлсізоқушыдасуреткеқарап 3 сөйлемайтады.
3. Тренд 3. Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі.
AI – мұғалімді алмастырмайды, уақытын үнемдейді.
Менің қолданатын 3 құралым:
а) Twee.com – кез келген мәтінді 1 минутта A1, A2 деңгейіне бөліп, сұрақтар, диалогтар жасап береді. Саралап оқытуға таптырмас құрал.
ә) Canva Magic Write– оқушылармен бірге ағылшынша постер, меню, афиша жасаймыз. Дизайн арқылы тіл үйренеді.
б) ChatGPT – Role Play серіктесі: Оқушыларға тапсырма: ChatGPT-мен ағылшынша дүкенші рөлінде диалог жаз. Олар үйде жасанды интеллектпен сөйлесіп, қатесін түзетіп келеді.
Нәтиже:
Осы үштікті 2024-2025 оқу жылында жүйелі қолдандым. Нәтижесінде:
- Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі 90% артты
- Ауызша жауап беруден қорқатын 8 оқушым қазір өз еркімен Storytelling сайысына қатысады
- Тоқсандық сапа 68%-дан 88%-ға көтерілді *Қорытынды
Жаңа тренд – технология қуу емес, оқушыны сөйлету. Flipped Classroom оқушыны дайындайды, Storytelling сөйлетеді, AI қолдау көрсетеді. Осы үштікті қосқанда, ағылшын тілі – жаттау пәнінен, өмірлік дағдыға айналады. Біздің міндет – оқушыға "You can speak English!" деген сенімділік сыйлау.
Әдебиеттер:
1. Harmer J. The Practice of English Language Teaching. – Pearson, 2015. – 446 p.
2. Ellis G., Brewster J. Tell it Again! The Storytelling Handbook. – British Council, 2014.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы. – Астана, 2023.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Республикалық
физика-математика мектебі. РФМШ
Давлеева Багдагул Суюншкалиевна. Ағылшын тілі мұғалімі.
Тағы да оқыңыздар





















