Жаңа дәуір және инклюзия: Gemini Storybook, 3D голограмма және STEM технологиялары арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру

Арнайы жобалар 13:30, 10.10.2026 8
Жұмағалиева Г. Н.

2026 жылғы 10 қазанда «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы мен «Педагогикалық даму» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі жаңа трендтер: педагогикалық идеялар мен дағдылар, үздік тәжірибелер» атты республикалық тәжірибе алмасу онлайн-конференциясында баяндама жасап, өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысы.

Орал қаласы № 50ЖОББМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

педагог-модератор Жұмағалиева Г. Н.

Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар балалар білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды. Заманауи балаларды тәрбиелеу мен оқыту тек дәстүрлі әдістермен шектелмей, жаңашыл тәсілдерді талап етеді. Бүгінгі баяндамамның өзегі – жасанды интеллект, 3D визуалды технологиялар мен қолжетімді STEM элементтерін кіріктіре отырып, әрбір балаға, соның ішінде ерекше білім беруді қажеттетін балаларғада сапалы білім мен тәрбие беру жолдарына арналады.

Бірінші бағыт – Цифрлық және визуалды шешімдер:

​Gemini Storybook: Жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Қоянның үйшігі » ертегісі арқылы балаларға буллингтің алдын алу, өз құқығын қорғау және эмпатия сияқты әлеуметтік дағдыларды үйретеміз. Қоян мұнда өз құқығын қорғап жатқан ерекше бала бейнесінде көрініс табады.

​

3D Голограмма: Теорияны практикалық «сиқырға» айналдыратын бұл құрал арқылы кейіпкерлер жай сурет емес, баланың алдында тіріліп сөйлейді. Бұл баланың назарын аударып, танымдық белсенділігін арттырады. педагогтарға QR-код арқылы ақпаратты жылдам алу және оны голограмма ретінде қолдану әдістемесі көрсетілді.

​QR-кодтың маңызы: Әрбір педагог дайын видео-материалды кез келген уақытта ашып, оқу процесінде пайдалана алады.

​Қорапты құрастыру: Қарапайым картон қорап, мөлдір пластик және телефон жарығы — инклюзивті ортаны қалыптастыруға арналған қолжетімді лаборатория.

​

​Голограмманың жұмыс істеуі үшін жарық қалай қажет болса, ерекше баланың бақытты балалық шағы үшін біздің кәсіби қолдауымыз бен құқықтық қорғауымыз солай қажет. Жасанды интеллект — бұл тек құрал, ал оны баланың игілігіне айналдыру — тәрбиешінің шеберлігі.

​Нәтиже: Педагогтар заманауи ИТ-құралдарды меңгеріп, бала құқығын қорғаудың жаңа әдістерін іс жүзінде көрді

Екінші бағыт – STEM: Қарапайым материалдардан ақылды ойыншықтар:

Практикада тұрмыстық заттардан жасалатын екі тиімді ойыншықты қолданамыз:

​

«Үрлелі шармен қозғалатын көлік»: Конструктор бөлшектері мен шардан жасалады. Бала мұнда физиканың алғашқы заңын (ауа күшінің әсерін) көзбен көреді, тыныс алу жүйесі мен ұсақ моторикасы дамиды.

​

«Шаңсорғыш» ойыншығы: Қағаз стақан мен түтікшелерден құрастырылады. Түтіктен тартқанда шарлардың жиналуы балаға сиқыр сияқты әсер етіп, «себеп-салдар» логикасын қалыптастырады және зейінді шоғырландыруға үйретеді…

Қорытынды

​Қорыта айтқанда, заманауи цифрлық құралдарды (Gemini Storybook, 3D голограмма) және қарапайым материалдардан жасалатын STEM ойыншықтарын біріктіру – балалардың шығармашылық қиялын оятып, ерекше балаларды әлеуметтендірудің ең тиімді жолы. Бала өз қолымен жасаған әрбір дүние арқылы әлемді таниды, ал технология оның бұл жолдағы сенімді көмекшісіне айналады.

  • Соңғы жаңалықтар
  • Жаңалықтар тізбесі
Видеофакт

10 қызықты HI-TECH жаңалықтар

11:42, 03.04.2025
10 қызықты HI-TECH жаңалықтар
«
Қазан 2026
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  •