Елімізде ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті
Автор Автор
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ғылым мен технологиялық саясаттың дамуы туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты.
Қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді.Президенттің жарлығымен ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды.
"Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Инфраструктуралық дамытудың бірден-бір көрінісі ол – құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш бізде 14%-ды құрайды" – деді спикер.
Сондай-ақ елімізде ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіптік және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заң қабылданды.
Тағы да оқыңыздар

EdGiving Alumni NIS: жасанды интеллект және білім берудің болашағы
16:05, 03.04.2025