ПРЕСС РЕЛИЗ
Білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін көтеретін «ТАНЫМ. ТӘРБИЕ. ТАҒЫЛЫМ» аттымектеп басшыларынан құралған Республикалық педагогикалықхакатонды Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық, Астана қаласы әкімдігінің «І.Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, «UNIT LLC» ЖШС ұйымдастырады.
Басты демеуші:«UNIT LLC» ЖШС жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемін құрайды.
Өтетін орны: «Wyndham Garden» Рестораны,VIP –залы
Уақыты: 05-қараша 2025 жылы
Басталуы: сағат 08.30
Педагогикалық хакатонның мақсаты:
Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен міндеттерін шешу үшін мектеп қоғамдастығының нәтижелі іс-қимыл жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
- мектептің өзекті мәселелерін анықтау;
- мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың тиімді ынтымақтастығы үшін қолайлы орта ұйымдастыру;
- адамгершілік, рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау;
- педагогтерді, ата-аналар мен оқушыларды өзекті мәселелерді шешу процесіне тарту.
Педагогикалық хакатонға 23 өңірден командалар қатысып, Астана,Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай облыстарының 10 командасы екінші кезеңге жолдама алды.
Республикалық педагогикалық хакотонның барысын aqmonshaq_nurtaza әлеуметтік парақшасынан көруге болады.
Байланыс телефоны: 8 776 978 02 92















